1-5
6-10
11
1

1 жағдаят

8-сыныпта оқитын Аян жаңа мектепке ауысқаннан кейін, сыныптағы бірнеше оқушы оны мазақтай бастайды. Алдымен олар Аянның сөйлеу мәнерін келемеждеп, дәптерін жасырып қоятын. Біртіндеп буллинг күшейіп, олар чатқа қосылып, Аян туралы фотомонтаж жасалған қорлайтын суреттер таратады.Аян сабақта өз ойын айтуға ұялып, үзілісте жалғыз жүретін болды. Бір күні сыныптастардың бірі оған басына кітап лақтырып, «Сен ешкімге керек емессің» деп айқайлайды. Бұл жағдайды кейбір оқушылар көрсе де, тоқтатпайды. Аян мұғалімге айтуға қорқады, себебі буллинг жасайтындар «бірдеңе десең, тіпті жаман болады» деп қорқытып қойған.

Сұрақ: Осы жағдаятта аталған оқушылардың құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясының қай баптары бойынша бұзылып отыр, және мектеп әкімшілігі қандай заңды шаралар қолдануы тиіс?

17-бап — Жеке адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмауы. Буллинг — адамның намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіру. Оқушыны қорқыту, мазақтау — оның адамдық ар-намысына тікелей қол сұғу.

18-бап — Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Интернетте рұқсатсыз фотосуреттер тарату — жеке деректерді бұзу.

20-бап — Сөз бостандығы (бірақ басқаның құқықтары мен абыройын бұзбау міндеті). Сөз еркіндігі бар, бірақ ол басқа адамның ар-намысын қорлау үшін қолданылмауы тиіс.

29-бап — Азаматтардың денсаулығын қорғау құқығы. Буллинг баланың психологиялық денсаулығына зиян келтіреді.

1

6 жағдаят

Ата-ана отбасылық бизнесте жұмыс күші жетіспегендіктен 13 жасар баласын мектепке бармай, күні бойы жұмысқа көмектесуін сұрайды. Бала сабаққа барғысы келеді, бірақ ата-анасы мәжбүрлейді.

Сұрақ: Ата-ананың әрекеті дұрыс па? Бала өз құқығын қорғау үшін қандай ресми орындарға хабарласа алады?

ҚР Конституциясы 27-бап бойынша әр балаға білім алу құқығы бар;

Бала өз құқығын қорғау үшін келесі ресми орындарға хабарласа алады:

Мектептің психологы немесе әлеуметтік педагогы – мектеп деңгейінде баланың құқықтарын қорғауға және ата-анамен диалог құруға көмектеседі.

Балалар және жасөспірімдер істері жөніндегі комиссия немесе әлеуметтік қызмет – баланың заңды мүддесін қорғайды, кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуын тексереді.

Азаматтық және құқық қорғау органдары – полиция немесе прокуратураға заңсыз еңбекке тарту фактісі туралы шағымдануға болады.

1

11 жағдаят

14 жастағы Бауыржан демалыс кезінде қосымша табыс табу үшін дүкенде сатушы болып жұмыс істегісі келеді. Алайда дүкен иесі: «Сен жассың, бізге кәмелетке толмағандарды жұмысқа алу заңсыз болуы мүмкін» деп түсіндіреді. Бауыржан ата-анасымен кеңесіп, еңбек кодексі мен заң бойынша өзінің құқықтарын білгісі келеді.

•Сұрақ: Бауыржанның еңбекке қатысты құқықтары Конституция бойынша қалай қорғалады? Кәмелетке толмағандарды жұмысқа алу қандай шектеулермен жүзеге асады?

ҚР Конституциясының 27-бабы бойынша кәмелетке толмағандар (16 жасқа толмағандар кейбір жеңіл жұмыстардан басқа) еңбек ету құқығына ие, бірақ олардың денсаулығы мен оқу процесіне зиян келтірмеу үшін арнайы шектеулер бар. Бауыржанның құқықтары – қауіпсіздік пен заңды еңбек жағдайында жұмыс істеу арқылы қорғалады.

14–15 жас аралығындағы балалар жеңіл жұмыстарға ғана тартылады; Жұмыс уақыты қысқа (күнделікті 3–4 сағаттан аспайды); Түнгі уақытта және зиянды немесе қауіпті өндірістерде жұмысқа алу заң бойынша тыйым салынады; Ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі қажет.

2

2 жағдаят

Дәріс өтіп жатқан кезде студент оқытушының айтқан ғылыми тұжырымдарының біріне күмән келтіріп, сыпайы түрде сұрақ қояды. Студенттің сұрағы нақты фактіге негізделген және талқылауды тереңдетуге бағытталған еді. Алайда оқытушы бұл сұрақты сын ретінде қабылдап: — «Бұл жерде тек мен сөйлеймін, сен пікір айтпайсың! Менің айтқаным — өзгермейтін шындық», — деп студентті бүкіл аудиторияның алдында ұялтады.Оқытушы студенттің өз ой-пікірін айтуына тыйым салып, оның сұрағын елемей, дәрісті жалғастыра береді.

Сұрақ: Осы жағдайда оқытушының әрекеті студенттің қандай құқығын бұзды?

Студент өзінің құқығы шектелгенін сезінсе, қандай ішкі тәртіп органдарына жүгінуіне болады?

Бұл жағдайда студенттің пікір білдіру бостандығы, ой еркіндігі, және академиялық еркіндігі шектелді.

 ҚР Конституциясының 20-бабы: әркімнің сөз және шығармашылық бостандығына құқығы бар.

Сонымен қатар, Білім туралы заңда да студенттердің пікір айтуға, сұрақ қоюға және академиялық ортада еркін талқылауға қатысу құқығы көрсетілген.

2

7 жағдаят

Арсен жұмыс жасап жүрген мекеме директорына жеке мәселелері мен отбасылық, жеке қаржы қиындықтары туралы айтқан болатын. Бірақ уақыт өткеннен кейін Арсен мекемедегі басқа қызметкерлердің өзінің жеке өмірін талқылап жатырғанын естиді және өзі туралы ақпаратты мекеме директоры таратқанын біледі.

•Сұрақ: Қызметкердің жеке ақпаратын рұқсатсыз тарату заң бойынша дұрыс па?  Қызметкер өз құқығын қорғау үшін қандай ресми шаралар қолдана алады?

Қызметкердің жеке өміріне, жеке мәселелеріне және жеке деректеріне қатысты құқығы бұзылды. Бұл ҚР Конституциясының 20-бабы бойынша қорғалатын құқық (әр адамның жеке өмірі мен жеке деректеріне заңсыз араласуға тыйым салады)

Қызметкер HR немесе кадр бөліміне шағым бере алады; Басшылыққа немесе кәсіподаққа ресми арыз жолдайды; Қажет болса, әкімшілік немесе сот органдарына жүгінуге құқылы.

3

3 жағдаят

Қаладағы белсенді жастар тобы қоршаған ортаның нашарлауына, өзен жағасының ластануына және қаладағы жасыл аумақтардың азаюына алаңдап, бейбіт экологиялық митинг өткізуге шешім қабылдайды. Олар заңда көрсетілген барлық рәсімдерді сақтап, митинг өткізілетін күн, уақыт, орын және мақсат туралы ақпаратты алдын ала жазбаша түрде әкімдікке тапсырады. Жастардың мақсаты — өзекті экологиялық мәселелерге назар аударту және билік өкілдерімен конструктивті диалог орнату еді.Бір аптадан соң әкімдіктен ресми жауап келеді.  Жауапта:— «Қазіргі уақытта мұндай іс-шара өткізуге уақыт сәйкес емес, сондықтан рұқсат бермейміз», — деп қысқа ғана жазылған.

Сұрақ: Жастардың бейбіт митинг өткізу құқығы қай Конституциялық баппен қорғалады? Әкімдіктің «уақыт сәйкес емес» деген себебі заң бойынша негіз болып есептеле ала ма?

•ҚР Конституциясы, 32-бап: азаматтар бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер өткізуге құқылы. Бұл құқықты шектеу тек қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау немесе басқа да заңда анық көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асады.

«Уақыт сәйкес емес» деген жалпы себеп заңда көрсетілмеген, сондықтан ресми бас тарту үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.

3

8 жағдаят

Айгүл – 25 жастағы тұрғын. Ол өзінің аудандық мәслихат сайлауына қатысуға шешім қабылдады. Бірақ сайлау алдындағы ақпараттық науқан кезінде кейбір таныстары: «Сен сайлауға барасың ба? Одан ештеңе өзгермейді, дауысың маңызды емес» деп, оны сендіруге тырысты. Айгүлдің ойында күмән туып, сайлауға бармай қалуға бел байлады.

•Сұрақ: Айгүлдің сайлауға қатысу құқығы Конституция бойынша қалай қорғалған? Азаматтардың сайлауға қатыспауы немесе қатысуы заңға қайшы ма?

•ҚР Конституциясының 29-бабы бойынша әрбір азамат сайлауға қатысу құқығына ие. Бұл құқық заңмен қорғалған және ешкімнен қысым немесе кедергі болмауы тиіс. Айгүлдің сайлауға бару немесе бармау шешімі жеке еркіне байланысты.

•Азаматтардың сайлауға қатыспауы немесе қатысуы заңға қайшы ма? Жоқ, Конституция бойынша азаматтардың сайлауға қатысуы міндетті емес. Сайлауға қатысу – ерікті құқығы, ал қатыспау заңға қайшы емес.

4

4 жағдаят

Айман жұмысқа орналасуға өз мамандығына сәйкес ірі компанияның бөлімдеріне өтініш береді. Ол өз білімі мен тәжірибесін көрсетіп, барлық қажетті құжаттарды ұсынады. Алайда бөлім басшысы сұхбат барысында:— «Біз мейлінше ер адамдарды жұмысқа аламыз», — деп айтып өтінішін қарастырмайды.

•Сұрақ: Бөлім басшысының әрекеті қай Конституциялық бапты бұзады? Жұмысқа қабылдау кезінде қандай критерийлер заңды болып табылады?

•ҚР Конституциясының 14-бабы. Бұл бап барлық азаматтарға тең құқық береді және нәсіліне, ұлтына, өңіріне, жынысына немесе әлеуметтік тобына байланысты кемсітуге жол бермейді.

Жұмысқа қабылдау тек кандидаттың қабілеті, білімі, кәсіби тәжірибесі, дағдылары және талап етілген кәсіби қасиеттері негізінде жүзеге асуы тиіс. Заңсыз критерийлерге ұлты, жынысы, өңірі, нәсілі, діні, саяси көзқарасы немесе әлеуметтік тобы жатады

4

9 жағдаят

Жанар мен Мұрат 18 және 20 жаста. Олар ұзақ уақыт бір-бірін танып, некеге тұруға шешім қабылдады. Бірақ Жанардың ата-анасы: «Сіздер әлі жассыздар, бір-біріңізді толық білмейсіздер» деп қарсы болды. Мұраттың ата-анасы да бірінші ағасының неке қиғанын қолдап, егер де олай болмаса ренжитіндіктерін айтты.

•Жанар мен Мұрат ҚР конституциясына сәйкес ата-ананың қарсы пікіріне қарамастан некеге тұра ала ма?

•ҚР Конституциясының 27-бабы және ҚР Азаматтық кодексінің 1-бөлімі бойынша некеге тұру – әрбір азаматтың ерікті құқығы. Конституция мен Азаматтық кодекс бойынша некеге тұруға шешім тек жеке азаматтардың еркіне байланысты. Ата-ананың немесе жақындардың пікірі заң тұрғысынан міндетті емес

5

5 жағдаят

Түн ортасында полиция бір азаматтың үйіне келіп, «қылмыс жасаған күдіктіні үйіңізде жасырып отыр деген хабарлама келді, үйіңізді тексереміз, аса шұғыл» деп рұқсатсыз кіруге әрекет жасайды. Азамат сот шешімін сұрағанда, «қазір бізде уақыт жоқ, кіре береміз» деп талап етеді.

•Сұрақ: Полицияның түн ортасында рұқсатсыз үйге кіру заң жүзінде мүмкін бе? Қандай жағдайда полиция азаматтың үйіне заңды түрде кіре алады?

•ҚР Конституциясы 23-бабында әркімнің жеке өміріне, тұрғын үйіне, хат-хабарласуына, құжаттары мен мүлігіне заңсыз араласпау құқығы бар деп көрсетілген;

•Тек сот шешімі немесе заңда көрсетілген төтенше жағдайлар болғанда ғана полиция үйге кіре алады;

5

10 жағдаят

Асылбек ауылына жаңа зауыт салынады деген хабар жетті. Көпшілік тұрғындар алаңдаулы: зауыттың жұмысынан өзенге, орманға, ауаға зиян келуі мүмкін. Бір топ тұрғын жергілікті әкімдікке жазбаша өтініш беріп, зауыттың экологиялық қауіпсіздігін тексеруді сұрады. Бірақ кейбір кәсіпкерлер: «Экономика үшін зауыт қажет, табиғатты қорғау маңызды емес» деп келіспейді.

•Сұрақ: Асылбектің және ауыл тұрғындарының табиғатты қорғау құқығы Конституция бойынша қалай қорғалады? Бұл жағдаятта экологиялық құқық пен экономикалық мүдде арасындағы қайшылық қалай шешілуі мүмкін?

•ҚР Конституциясының 31-бабына сәйкес әрбір адам таза табиғи ортада өмір сүру құқығына ие. Азаматтар табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны сақтау бойынша бастамалар жасауға құқылы.

•Қайшылық заңға сәйкес шешіледі: зауыт экономикалық пайда әкелуі мүмкін, бірақ экологиялық нормалар сақталуы міндетті. Қалдықтарды тазалау, ауа мен суды қорғау шараларын енгізу, экологиялық бақылау арқылы екі мүдде теңестірілуі мүмкін.