Қобыланды шабуыл жасаған ел?
Көбікті
Ең кіші натурал санды ата. Нөл натурал сан ба?
Ең кіші натурал сан — 1. Нөл натурал санға жатпайды.
Фотосинтез өсімдіктің қай бөлігінде жүреді?
Жапырағында жүреді.
Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі
Тас дәуірі
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Оқшау сөздерді ата ?
Қыстырма,қаратпа,одағай
Егер санның соңғы цифры 0 немесе 5 болса, ол қандай санға қалдықсыз бөлінеді?
Мұндай сандар 5-ке қалдықсыз бөлінеді.
Табиғи зат дегеніміз не?
Табиғатта өздігінен пайда болатын заттар табиғи заттар деп аталады
Ежелгі қытай данышпаны Конфуций қай ғасырларда өмір сүрді?
Б.з.д 6-5 ғасырда
Бірдей екі санның көбейтіндісі 25-ке тең. Бұл қандай сандар?
5
Асан қайғы қай жерді көргенде осылай айтты? «Ат ерін алмайтын жер екен.Бауырында тұзы бар екен,тұзы ауыр екен.Бір түн түнеп кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады екен.Тұзы жібермейді екен»
Баянауыл тауын көргенде
Пицца 8 тең тілімге бөлінген. Сен оның 3 тілімін жеп қойдың. Пиццаның қандай бөлігі қалды?
Пиццаның 5/8 (сегізден бес) бөлігі қалды.
Баламалы энергия түрлерін ата.
Күн, жел, су, геотермалдық энергия.
Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы?
Сыма Цянь
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Кітап
Күрделі сөздердің неше түрі бар? Оларды атап, ережесін айт?
4 түрі бар:Біріккен сөздер,қос сөздер,тіркескен сөздер,қысқарған сөздер
Қайсысы үлкен: 1/2 (жарты алма) ма, әлде 1/4 (ширек алма) ма?
1/2 үлкен, себебі екіге бөлінген бөлік төртеуге бөлінгеннен ірі болады.
Тірі ағзалардың ең кіші ұйымдасу деңгейі қандай?
Жасуша
Б.з.д 221 жылы Қытайды біртұтас мемлекетке біріктірген кім?
Ин Чжен
Сымбаттың 2 қуыршағы,3 алмасы,1 шоколады,2 апельсині,5 шабдалысы бар.Сымбаттың қанша жемісі бар?
10
Күрделі сөздердің неше түрі бар? Оларды атап, ережесін айт?
4 түрі бар:Біріккен сөздер,қос сөздер,тіркескен сөздер,қысқарған сөздер
Біріккен сөздер,екі немесе одан да көп сөздің бірігіп бір мағына беруі.Бірге жазылады. Жаз+дәурен
Қос сөздер,екі сөздің қосарланып бір мағына беруі.Дефис арқылы жазылады. Сауыт-сайман
Тіркескен сөздер,екі немесе одан да көп сөз тіркесіп, бір екпінде айтылып,бір мағына беруі.Бөлек жазылады.Ғарыш кемесі
Қысқарған сөздер,күрделі атаулардың қысқартылып жазылуы. БҰҰ –Біріккен ұлттар ұйымы
Дүкенде 1 кг қант 400 теңге тұрады. Сенде 1000 теңге бар. 2 кг қант алсаң, қанша теңге қайтарым аласың?
200 теңге. 2 кг қант 800 теңге болады, 1000-нан 800-ді алсақ 200 қалады.
Таулардың физикалық үгілуі қалай жүреді?
Күннің ыстығы, аяз, жел, су әсерінен тау жынысы жарылады және майдаланады.
Қаңлылардың Отырар-Қаратау мәдениетінің тарау аймағы
Сырдың орта ағысы, Қаратау, Талас бойы
Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең.Олар қай сандар?
5 пен 3