1 баған
2 баған
100

XX ғасырдың басында халықты сауаттандыру үшін қандай шаралар қолға алынды?

Ауылдар мен қалаларда білім беру пункттері ашылып, «қызыл отауларда» ересектерге оқу-жазу үйретілді.

100

1930 жылы білім беру саласында қандай маңызды өзгеріс енгізілді?

Барлық балаға міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізілді.

200

Қазақ тіліндегі алғашқы «Алгебра» оқулығын кім жазды?

Қаныш Сәтбаев.

200

Қазақ тіліндегі алғашқы «География» оқулығын кім жазды?

Әлихан Бөкейханов.

300

Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты қай жылы ашылды?

1928 жылы.

300

Қазақ педагогикалық институтына кейін кімнің есімі берілді?

Абай Құнанбаевтың есімі берілді.

400

1962–1963 жылдары мектеп жүйесінде қандай өзгеріс болды?

Жетіжылдық мектептен сегізжылдық, кейін онжылдық жалпы білім беру енгізілді.

400

1993 жылы Елбасы Н. Назарбаев қандай халықаралық бағдарлама тағайындады?

«Болашақ» халықаралық стипендиясы.

500

Тәуелсіздік жылдарында мектептер қандай жаңа мүмкіндіктерге ие болды?

Гимназиялар, лицейлер мен колледждер ашылды, мектептер компьютермен жабдықталып, интернетке қосылды.

500

Бүгінгі мектеп оқушыларына қандай дағдыларды меңгеру үйретілуде?

Өздігінен шешім қабылдау, үш тілде сөйлеу, ақпаратты іздеу және деректерді талдау.