Ас-адамның арқауы
Салт-дәстүр -асыл қазынам
Ұлттық аспаптар
міне қызық
Ұлы тұлғалар
10

Сүт тағамдарын ата?

шұбат, айран, қымыз

10

Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Бұл салт-дәстүр қалай аталады ?

Көрісу

10

Қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі

Домбыра

10

Он атаны атап беріңіз 

Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене, Туажат, Жегжат, Жұрағат,Жамағат

10

Күй атасы кім?


Құрманғазы Сағырбайұлы

20

Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі

Құрт

20

Бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, бұл дәстүр қалай аталады

Сүйек жаңғырту 

20

Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап қалай аталады ?

Асатаяқ 

20

Бес асыл іс?

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

20

Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз?

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

30

Биенің сүті қалай аталады?

Саумал

30

Ерулік дәстүрін сипаттап беріңізші.

Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз таттырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді де көздейді.

30

Ұрып ойналатын көне музыкалық аспап

Дауылпаз 

30

Наурыз мерекесінде табиғатта қандай өзгерістер болады ?

Күн мен түн теңеледі

30

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шын есімі?

Мұхаммед Қанафия

40

Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б.

Бауырсақ

40

Үйдің келіні өз қайын жұртына құрмет көрсету түрінде қайын жұртында кездесетін есімдерді атамайды. Оның орнына басқа сөздерді қолдануға тиіс. Мысалы, қайын сіңлісін 'айналайын', 'алтыным' десе болады.

Табу (ат тергеу)

40

Қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы

Жетіген

40

сыңсу атты тұрмыс салт жырын қай кезде және кім айтқан?

қыз ұзатуда, ұзатылған қыз айтқан

40

Қазақ даласындағы ең алғашқы мектепті кім ашты?

Жәңгір хан

50

Уыз дегеніміз қандай тағам? 

жаңа төлдеген малдың алғашқы сүтінен пісірілген дәмді ірімшік

50

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым

Тұсаукесер 

50

Үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі

Желбуаз

50

«Ақ киізге көтерді» мағынасы не?

Хан атанды

50

Қарағанды көмірін алғаш ашқан кім?

Аппақ Байжанов