Жаратылыс
Прл
Сира
КК
Рнк
100

Адам денесіндегі ең үлкен ішкі мүше (орган) қайсы?Адам денесіндегі ең үлкен ішкі мүше (орган) қайсы?

Бауыр (егер сыртқы мүше десе — тері).

100

Адам бойындағы «ақыл күшінің» (қуат-ақлия) тепе-тең (муғтәдил) күйі қалай аталады және оның мағынасы қандай?

Ақыл күшінің тепе-тең күйі «хикмет» деп аталады. Ол — заттар мен оқиғаларды сол қалпында танып-білу, пайдалысы мен зияндысын ажырата алу және бәрін өз орнына қою дегенді білдіреді.

100

 Бәдір шайқасынан кейін Мәдина келісімін алғаш болып бұзып, қару қолдануға көшкен яһуди тайпасы қайсы?

Мекке әскері жеңілгеннен кейін келісімді бұзғанын алғаш болып мәлімдеген — Бәни Қайнуқа тайпасы

100

Сендер өз өздеріңді өзгерпейінше ........... ?

Аллаһ жағдайларыңды өзгертпейді (РАД 11)

100

21 ші лема не жайлы айтылған?

Ықылас жайында

200

 Ежелгі дүниенің жеті кереметінің ішінен біздің дәуірімізге дейін қирамай жеткен жалғыз керемет қайсы?

Хеопс пирамидасы (Гизадағы ұлы пирамида).

200

Адам табиғатындағы үш негізгі қуатты (ақыл, ашу, шәһуат) атаңыз және «ашу күшінің» (қуат-ғазабия) атқаратын негізгі қызметі қандай?

Үш негізгі қуат: қуат-ақлия (ақыл), қуат-ғазабия (ашу) және қуат-шәһәуия (шәһуат). Ашу күші — адамның өз құқықтарын, ар-намысын, Отанын және қасиетті құндылықтарын қорғау үшін, зұлымдыққа қарсы тұру үшін қажетті қайрат пен батылдықтың бастауы болып табылады.

200

 Ұхудқа қатысқан яһуди есімі?

Мухайриқ

200

Құранда бисмиллаһир рахманир рахим неше рет айтылған?

114

200

Ықылас рисалесіндегі ең бірінші қағида қандай?

Амалдарды Аллаhтың ризалығы үшін істеңдер. Егер Ол разы болса, жұрттың бәрі безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе де ештеңе етпейді.

300

Айдың өз меншікті жарығы жоқ екені белгілі. Олай болса, ол неге жарқырап көрінеді және ол өзіне түскен күн сәулесінің неше пайызын кері қайтарады?

Ай Күннің жарығын шағылыстырады. Ол жарықтың тек 7-12%-ын ғана кері қайтарады.

300

Ашу қуатының (қуат-ғазабия) шектен шыққан «ифрат» және «тәфрит» күйлері қалай аталады және олардың салдары қандай?

Ифрат күйі — «тәһәуур» (нәтижесін ойламай, шамасы келмейтін іске көзсіз кірісіп, өзін апатқа ұрындыру). Тәфрит күйі — «жәбәнәт» (қорқақтық, үздіксіз күдік-күмәнмен және паранойямен өмір кешу). Бұл екі шектен шығушылық та адамды нағыз ержүректіктен (шәжәғат) алыстатады.

300

Дінде зорлық жоқ - аяты қай оқиғаға байланысты түсірілді?

Бәни Надир тайпасы қуылғанда оларға берілген балаларды да бірге алып кеткісі келді, бірақ евс пен хазраж тайпалары балалары кетуіне қарсы болды

300

Құранның жүрегі аталған сүре?

Ясин

300

Ықылас рисалесінде екінші қағида қандай?

Құранға қызмет етіп жүрген бауырларыңа мін тақпаңдар. Оларға менің адамгершілігім сенікінен жоғары дегендей, қызғаныш сезімін оятып, қытығына тимеңдер. Себебі, адамның бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді ғой

400

Әлемдегі ең ұзын өзен Ніл өзені болып есептеледі. Ал суының көлемі мен ағынының қуаттылығы жағынан ең үлкен өзен қайсы?

Амазонка өзені (Оңтүстік Америка).

400

Кітапта адамның көркем мінезге қол жеткізуі үшін ең бірінші кезекте жасалуы тиіс алғышарт ретінде не айтылған?

Адам өз кемшіліктері мен ақауларын көре білуі тиіс. Кітапта айтылғандай, адам өз қателігін қателік ретінде тани алған дәрежеде ғана ақиқатты табуға ұмтылады және сол талпыныс арқылы ғана Алланың һидаятына (тура жолына) жете алады.

400

 Бәну Надир тайпасының Мәдинадан шығарылу оқиғасы толығымен Құран Кәрімнің қай сүресінде баяндалады және бұл сүре кейде қалай деп те аталады?  

 «Хашр» сүресінде баяндалады және бұл сүре кейде «Бәну Надир сүресі» деп те аталады.

400

Құрандағы Адам ата мен Хауа анамыздың дұғасын айтып беріңіз?


رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنْفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ«Уа, Раббымыз! Біз өзімізге өзіміз зұлымдық жасадық. Егер Сен бізді кешірмесең әрі рақым етпесең, міндетті түрде зиянға ұшырағандардан боламыз.» Ағраф 23

400

Ұстад ықыласты бұзатын заттардан қалай қашу керектігін үйретеді?

Ықыласты бұзатын нәрселерден жыланнан, ша яннан қашқандай қашыңдар. Хазіреті Юүсіп Ғаләйhиссәләмның   дегеніндей нәпсіге сенім ا ِن َّ الن َّ ف ْس َ َالَم َّ ار َ ة ٌ بِالس ُّ وء ِ ا ِال َّ م َ ا ر َ حِ م َ ر َ بِ ّ ى жоқ.

500

Адам ағзасындағы барлық қан тамырларының (артерия, вена, капиллярлар) жалпы ұзындығын бір сызыққа созсақ, Жер шарын экватор бойымен неше рет айналдыруға болады?

Шамамен 2,5 рет (жалпы ұзындығы — 100 000 км жуық).

500

Ой еңбегіндегі «тәдәббур» мен «тәфәккур» ұғымдарының мағыналық айырмашылығы неде және бұл екі сөздің түбірі нені білдіреді?

Бұл екі сөз де түбірі жағынан «тәкәллуф» (бірден қол жетпейтін нәрсе үшін өзін зорлау, самайдың солқылдауына дейін тер төгу) ұғымын білдіреді. Тәдәббур — бір нәрсенің алдын да, артын да қатар ойлап, кешегісі мен бүгінгісіне қарап мәнін ұғыну. Тәфәккур — жүйелі ой еңбегі нәтижесінде жинақталған білімді ұштастырып, жаңа ақиқаттарға қол жеткізу әрекеті.

500

Төрт жылға созылған шиеленісті кезеңде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалардың яһудилермен қарым-қатынасы қалай өрбіді? Оның стратегиялық және адами негіздерін түсіндіріңіз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «бір тайпаның қателігі үшін барлығы жауапты» деген қате түсінікке жол бермеді . Шиеленіс кезінде де сауда, мемлекеттік қатынастар, көршілік және адами байланыстар үзілген жоқ . Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) яһудилердің ғибадатханалары мен мектептеріне (Бейтүл-Мидрас) барған, олардың той-мерекелеріне қатысқан, ауруларының көңілін сұрап, тіпті Хайбардағы Зейнеп есімді яһуди әйелдің дастарханынан дәм татқан . Ол жараланған қарым-қатынасты емдеп, келісімдерді жаңарту арқылы мәселені бейбіт шешу стратегиясын ұстанды

500

Хуруф – Мұқатта деген не?

Құранда аяттарда келген мағынасы жасырын жекелеген әріптер мысалы  الم – Бақара, Әли Имран  يس – Ясин сүресі.

500

Ықылас рисалесіндегі төрт қағиданы атап беріңіз?

БІРІНШІ ҚАҒИДА. Амалдарды Аллаhтың ризалығы үшін істеңдер.
ЕКІНШІ ҚАҒИДА. Құранға қызмет етіп жүрген бауырларыңа мін тақпаңдар.
ҮШІНШІ ҚАҒИДА. Барлық күш-қуат ықыласта және ақиқатта екендігін біліңдер.  ТӨРТІНШІ ҚАҒИДА. Бауырларыңның ізгі қасиеттерін өзіңдікіндей көріп, кемелдіктерін өз бойыңда деп, олардың абыройымен шүкір етіп мақтану қажет.