Күнделікті хаостың анатомиясы
Қызыл белгі
Сынықтардан жаңа әлем
Тереңде жатқан көлеңке
Құжаттар лабиринті
100

“Таны да тап!”

Сауда орталығының артында қағаз картон, пластик бөтелке және шыны жиналған. Бұл қандай қалдыққа жатады?

Тұрмыстық қатты қалдықтар.

100

Қалдықтардың қауіптілік деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі критерийлерді ата (кемінде екеуі).

Уыттылық, жарылғыштық, жанғыштық, инфекциялық қауіптілік.

100

Астық қалдықтарынан тыңайтқыш алу үшін қолданылатын әдіс.

Компост

100

Полигондағы органикалық қалдықтардың шіруінен бөлінетін ең қауіпті газ.

Метан

100

Экологиялық кодексте қалдықтар иерархиясының 1-қадамы қандай?

Қалдықтардың пайда болуын болдырмау (prevention).

200

“Не дұрыс емес?”

Төмендегілердің қайсысы инертті қалдыққа жатпайды?
– бетон сынықтары
– кірпіш
– топырақ
– бояу-қалдықтары

бояу-қалдықтары

200

Радиоактивті қалдықтардан туындайтын негізгі қауіп.

Иондаушы радиация.

200

Егер пластик бөтелке қайта өңделip жаңа орындыққа айналса — бұл қай процесс?

Рециклинг (upcycling элементі бар).

200

Полигонда газ бұрқақтары байқалып, топырақ көтеріліп жатыр. Газ шығару құбырлары бітелген.
Сұрақ: Бұл жағдай қандай екі үлкен қауіп тудырады?

  • Метан жиналып, жарылыс қаупі

  • Жанғыш газдардың жер бетіне шығуы, өрт қаупі немесе улы газдармен улану

200

Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалын реттейтін халықаралық конвенция.

Базель конвенциясы.

300

“Жасырын сипаттама”

Қай қалдық түрі: агрегаттық күйі өзгермейді, биологиялық ыдырамайды, қауіптілігі төмен, көбіне құрылыс кезінде пайда болады?

Инертті қалдық.

300

Қалдық түрін және оны басқару процесін ата


Қауіпті медициналық қалдық (инфекциялық).

300

Қалдықты 1200°C-та жағып, жылу және электр энергиясы алатын зауыт — бұл…

Инсенератор (Waste-to-Energy).

300

Полигон жанындағы жерасты суын тексергенде хлоридтер мен аммоний деңгейі күрт жоғарылаған.
Сұрақ: Бұл қандай ластаушы процесс жүріп жатқанын білдіреді және оның негізгі көзі не болуы мүмкін?

Фильтраттың топырақ арқылы өтіп жерасты суына сіңуі. Негізгі көз — органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзілген ластанған фильтрат.

300

Кәсіпорын жыл ішінде қанша қалдық шығарғанын, қалай өңдегенін, қанша көлемде сақтағанын көрсететін есеп.

Қалдықтар бойынша есеп (декларация).

400

Университетте жыл сайын 5000 дана пластик су бөтелкесі тұтынылады.
Студенттер мен оқытушылар оларды күнделікті сатып алады, себебі ғимаратта сүзгіленген су нүктелері жоқ.

Университет әкімшілігі бұл мәселені экологиялық тұрғыдан шешкісі келеді.

Осы жағдайды қалдықтар иерархиясының бес сатысынан өткізіңдер:
– алдымен бес сатыны өздерің атауларың керек;
– сосын осы кейске қатысты әр саты бойынша қандай нақты шешім қабылдануы тиіс екенін ұсыныңдар.

1️⃣ Қалдықтың пайда болуын болдырмау — ғимараттарға сүзгіленген су станцияларын орнату; бөтелке сатып алу қажеттілігін мүлде жою.
2️⃣ Қайта пайдалану — студенттерге көп рет қолданылатын бөтелке беру; қайта толтыру пункттері.
3️⃣ Қайта өңдеу — пластик бөтелкелерді бөлек жинау, рециклингке жіберу.
4️⃣ Энергетикалық кәдеге жарату — қайта өңдеуге жарамсыз бөтелкелерді WtE зауытына жіберу.
5️⃣ Көму — тек өңдеуге немесе energy recovery-ге жарамсыз қалдық қалдықтары.

400

Қауіпті қалдықтарды уақытша сақтау алаңында келесі жағдайлар байқалды:
– контейнер жабық емес;
– таңбалау жоқ;
– қалдық түрлері аралас;
– қызметкер қорғаныс құралынсыз жұмыс істеп жүр.

Кодекс бойынша бұл төрт әрекеттің ішіндегі ең ауыр бұзушылық қайсысы және неге?

Қалдық түрлерінің араласуы — ең қауіпті бұзушылық.
Әртүрлі қауіпті қасиеттер химиялық реакция, тұтану немесе уытты газ түзілуіне әкелуі мүмкін.
Қалғандары да бұзушылық, бірақ араластыру — дереу қауіп төндіреді.

400

Компания өнім қаптамасын мүлде жаңа материалға ауыстыруды қарастыруда. Мақсат — қаптама қалдығының жалпы көлемін азайту, рециклинг мүмкіндігін жоғарыдату.
Сұрақ: Қай материалды таңдауға болады және ол қайта өңдеу тізбегіне қалай әсер етеді?

Мысалы: моно-материал пластик (PP немесе PET), шыны, картон.
Себебі моно-материалдар аралас пластикке қарағанда 100% рециклингке жарамды, сұрыптау жеңіл болады, қайта өңдеу сапасы жоғары.

400

Қалдықтардың ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін қандай көрсеткіштер мониторингке алынады?

Жерасты сулары, ауа сапасы, фильтрат құрамы, газ түзілуі, топырақтың ластану деңгейі.

400

"Zero Waste" тұжырымдамасының мақсаты.

Қалдықтарды мейлінше азайту және қайта өңдеуді барынша арттыру.

500

Зауытта төмендегідей қалдықтар түзілді:

  1. реакциядан кейін қалған қатты тұнба, құрамында ауыр металдың іздері бар;

  2. тегіс бетон сынықтары, ешқандай химиялық затпен ластанбаған;

  3. қызған аппараттан алынған кепкен шлам, құрамында органикалық қосылыстар бар.

Экологиялық кодекс пен классификация қағидаларына сүйеніп, осы үш қалдықты үш түрлі санатқа бөліп көрсет.

  • Ауыр метал іздері бар тұнба → қауіпті қалдық (I–III класс).

  • Химиялық ластанбаған бетон қалдықтары → инертті қалдық.

  • Органикалық қосылыстар бар кепкен шлам → өндірістік қалдық (қауіпті болуы мүмкін) — қауіптілік қасиеттеріне қарай жіктеледі.

500

Кәсіпорында келесі қалдық пайда болды:
– құрамында 0,5% ауыр металдар бар;
– жанғыш;
– улы бу шығаруы мүмкін;
– топырақпен жанасса, ұзақ уақыт сақталатын уыт қалдырады.

Сұрақ:

  1. Қалдықтың қауіптілік класын анықтауға қандай фактор басымдық алады?

  2. Бұл қалдықты жинау, тасымалдау немесе сақтау кезінде Кодекс бойынша қандай екі талап міндетті?

  • Ең жоғары қауіпті қасиет — уыттылық (токсикологиялық әсер).
    Сол бойынша қауіптілік сыныбы анықталады.

  • Міндетті талаптар:
    – арнайы таңбаланған, герметикалық контейнерлерде сақтау;
    – қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге рұқсаты/лицензиясы бар ұйымға тапсыру;
    (сонымен қатар: журнал жүргізу, жеке қорғаныс құралдары, бөлек жинау — бәрі дұрыс болып есептеледі)

500

Қалада тәулігіне 30 тонна органикалық қалдық бар. Қалдықтың ерекшелігі:
– ылғалдылығы өте жоғары (70%),
– ішінде аз мөлшерде ет пен сүт қалдықтары бар,
– көбі тез бұзылады.

Әкімдік екі нұсқаны қарастыруда:

  1. компост

  2. биогаз қондырғысы

Сұрақ:
Осы қалдық үшін қай технология тиімді және неге?

Биогаз қондырғысы тиімді, себебі:
– жоғары ылғалдылық → анаэробты ашытуға өте қолайлы;
– құрамында ақуыздар бар → метан түзілуі жоғары;
– энергия алуға мүмкіндік береді;
– компосттау кезінде иіс, зиянкестер және санитарлық тәуекелдер жоғары болады.

500

Полигон маңындағы ауылда келесі өзгерістер байқалды:
– құдық суы лайланған
– топырақта ауыр металдар табылды
– москиттердің көбейіп кетуі
– тұрғындарда жағымсыз иістерге шағымдар
Сұрақ: Осы төрт құбылыстың әрқайсысы полигонның қай экологиялық әсер категориясына жатады? (су, топырақ, ауа, биота)

– Құдық суының лайлануы → су ресурстарының ластануы
– Топырақтағы ауыр металдар → топырақ ластануы
– Москиттердің көбеюі → биотаға әсер (биологиялық дисбаланс)
– Жағымсыз иіс → ауа ластануы (газ шығару процесі)

500

Кәсіпорында жаңа қалдық түрі пайда болды. Ішкі лаборатория қалдықты қауіпсіз деп анықтады. Кәсіпорын осы ішкі талдау нәтижесімен қалдықты IV сынып деп көрсеткісі келеді.

Сұрақ:
Экологиялық кодекс бойынша, қауіптілік сыныбын анықтау құзыреті кімге тиесілі? Ішкі лабораторияның қорытындысы жеткілікті ме?

Жоқ, жеткілікті емес.
Қауіптілік сыныбы тек аккредиттелген зертханамен және бекітілген әдістемемен анықталады.
Кәсіпорын өз бетінше сыныпты белгілей алмайды.