1
2
3
4
5
100

Биліктің ру-тайпалық ұйымы, әрбір ру мен тайпаны кім басқарды?

Билер

100

Сұлтанның басты саяси құқығы?

Билікті мұрагерлікке алуы

100

Қазақ қоғамы саяси билік институттары кімнің көмегімен басқарылды?

хан, билер, құрылтайлар

100

Ханның құқықтары қанша болды?

100

Хан болып сайланған сұлтанды қандай түсті киізге отырғызды?

Ақ

200

Билік үштігі кімдерден тұрады?

Хан-Билер-Халық

200

Хан істеріне салықты немен төледі?

Малмен

200

Жоғары билік институты бұл?

Хандар, сұлтандар

200

Кіші хандар дегеніміз?

белгілі бір жүзді немесе аймақты басқарған, аға ханға тәуелді хан (мысалы, Кіші жүздің хандары).

200

Аға хандар дегеніміз?

бүкіл Қазақ хандығына немесе бірнеше жүзге билік жүргізген, ең беделді әрі жоғары мәртебелі хан (мысалы, Тәуке хан).

300

Барлық жүз таныған Қазақ хандығының соңғы аға (ұлы) хана кімболды?

Тәуке хан

300

“Саяси билік институты” ұғымына анықтама беріңіз

қоғамды басқару үшін қалыптасқан тұрақты құрылымдар мен лауазымдар жүйесі, Қазақ хандығында оған хандық билік, билер соты және әскери басқару кірді.

300

“Кеңесші” бұл?

ханға саяси, әскери және құқықтық мәселелер бойынша ақыл-кеңес берген беделді би немесе сұлтан.

300

“Нөкер” деп кімдерді атады?

хан мен сұлтандарға адал қызмет етіп, соғыс пен күнделікті өмірде қасында жүрген қарулы серіктер тобы.

300

“Жасақ” дегеніміз не?

соғыс кезінде ру-тайпалардан жиналған қарулы әскер күші.

400

“Төлеңгіт” деп кімдерді атаған?

ханның жеке күзеті мен қызметшілері болған, билеушінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ерекше әлеуметтік топ.

400

Батырлардың мемлекетті басқаруға орны не арқылы анықталды?

соғыстар мен бейбітшілікпен

400

Ханның жасағының жұмысы қандай болды?

хан мен оның отбасын күзету

400

Хан сайлауда көбінесе кім басым құқыққа ие болды?

рудың жасы үлкен ер адамының құқығы басым болды.

400

Атқосшылардың жұмысы қандай болды?

Қожайынының атын күту: атын баптау, суару, жемдеу, ер-тұрманын дайындау. Сапар мен жорықтарға ат әзірлеу, қосымша ат алып жүру.

500

Халық билік үшін не болды? Халықтың рөлі қандай еді?

билік көзі және дәстүрлерді сақтаушы. 

500

Қай ғасырларда батырлардың қоғамдағы рөлі өсті?

XVII-XVIII

500

Далада көшіп-қонып жүрген тайпалар, билікке өз көзқарасын қалайбілдірді?

Оған көшіп-келу немесе одан көшіп-кету

500

Бейбіт уақытта батырлар қандай билікке бағынды?

A) Ұлыс сұлтандар, билер, ақсақалдар

B) Қорғаушы

C) Хандар

D) Ақсүйектер, билер, хандар

E) Құлдар, күңдер, ақсүйектер

Ұлыс сұлтандар, билер, ақсақалдар

500

Ханның құқықтарын атаңыз (5)

1.Ел аумағын басқару құқығы.

2.Соғыс жариялау және бітім жасасу құқығы

3.Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізу құқығы

4.Өлім жазасына кесуге және кешірім беруге құқығы

5.Заңдар мен бұйрықтар шығару құқығы