Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейілінше қауіп төндірген басты жауы?
Жоңғар хандығы
1714 жылы 22 мамырда И.Д.Бухгольц басқарған экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа қол қойды?
І Петр
Наурыз мерекесінде әзірленетін ас?
Наурызкөже
Кіші жүздің соңғы ханы?
Шерғазы
1822 жылы Сібір қырғыздары туралы жарғының авторы?
М.Сперанский
Қарақұм жиынан соң,қалмақтарға қарсы қазақтардың жетекшісі болып белгіленді?
Бөгенбай батыр
Патша үкіметі қазақ жерін отарлауды алғаш неден бастады?
Шеп,бекіністер салудан
Иленген әрі боялған теріден тігілген қыстық киім түрі?
Тон
Орта жүздің соңғы ханы
Уәли
1824 жылы Орынбор қырғыздары туралы жарғының авторы?
К.Эссен
20 жылдай Маньчжур әулетінің билеушілерімен және Қытаймен ашық соғысудан бас тартып Жоңғар хандығын күшейіткен қонтайшы?
Цэбан-Рабдан
1730 жылы Әбілхайырдың Петерборға жіберген елшілерін атаңыз?
Сейітқұл Қойдағылұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы
Бөгенбай батырдың қазасын,Абылайға жырмен жеткізген жырау?
Үмбетей жырау
Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс қамтыған уақыт?
1783-1797жж
Батыс-Сібір генерал-губернаторының құрамына кірген облыстар?
Ақмола,Семей облыстары
Біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншыларына қарсы 100 жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі-Аңырақай шайқасы қай жерде болды?
Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Итішпес деген жерде өткен
Кіші жүз қазақтарынан ант қабылдау үшін Қазақстанға елшілікті бастап келді?
Сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.И.Тевкелев
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі халықтың намыс-жігерін өз шығармаларына арқау еткен ақын,жыраулар?
Бұқар,Ақтамберді,Тәттіқара,Үмбетей
Нұралы ханды биліктен тайдыру туралы шешімді шығарды?
1786 жылы 3 маусымда ІІ Екатирина патшайым
Орынбор генерал-губернаторының құрамына кірген облыстар?
Орал,Торғай облыстары
Жиынды қазаққа аға хан болып келетін Болат хан ашты,Әбілхайыр,Әбілмәмбет, Төле,Қазыбек,Әйтеке билер қатысқан жиынды атаңыз? Жыл
Ордабасы жиыны 1726 ж
Қырғыз-қайсақ экспедициясын басқарды?
И.К.Кириллов
Абылай ханның тұсында сарай кеңесшісі болып,хан саясатын мейлінше қолдаған?
Бұқар жырау
Сахарная қамалына шабуыл кезінде қолға түскен,Нұралы ханның інісі?
Айшуақ сұлтан
Түркістан генерал-губернаторының құрамына кірген облыстар?
Жетісу,Сырдария облыстары