Аяз би
Меңді
Мадан хан
100

Уәли ханның неше уәзірі бар?

Қырық уәзірі бар

100

Уәзірлерге хан қандай тапсырма берді?

Шөптің, құстың, адамның жаманын алып келіңіздер! - деді

100

Уәзірлер шөптің жаманы деп қай шөпті таңдайды?

Шеңгелді

200

Жаман неліктен қарақоғаны таңдады?

- Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол кезде шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жатыр еді. Сол кезде «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», – деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрлесем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнынан жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығынан білдім, – дейді Жаман.

200

Жаман неліктен сауысқанды таңдайды?

Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. бұл құс жаманы - сауысқан деймін.

200

Жаман өзін неге  жаман адамның қатарына қосты?

— Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында жүрмін. ел мен жаман емей, жақсымын ба? – деп, Жаман ханға қарайды.

300

Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?

Мен Жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы-жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, менің келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. ұстаған шонжарлы атаулы хан емес екеніңізді, кейін байқадым, – дейді.

300

Меңді деген кім? Оның шарты қандай?

- Қалада қара болса да, байлығымен менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар Сол Уәлібайдың Менді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», – деп, жаңа жылдай отырды, қазір отыз бесте. дейін ешкім ақылы артып, оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай, қайтып кетеді. Ол жерден - қызды жеңіп аламыз деп жүрген бай мырзалардың орны, – дейді Мадан хан

300

Меңді Жаманға қандай нәрселер беріп жібереді?

- Ол түрге жаман болғанмен қандай адам екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер, – деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді.

400

Уәзірлер Жаман мен Меңдіге қандай қастық жасайды?

Бір күні қырық уәзір кеңесіп отырып: «Бұл Жаман біздің жаман кісі іздегенде ат артына мінгестіріп алып келген жаманымыз еді. Бұл күнде ханның өзіне жақсы дос қылды; қыз әперді, бізді есепке алмай тастады. Қой, бүйтіп болмас! Біз бұл екеуін араздастық. Жаманның әйелін мақтайық, үйіне конаққа апарып көрсетулік. олардың, екеуінің арасына от жағалық», – деседі. Уәделері бойынша Жаманның әйелін ханға мақтайды.

— Тақсыр, шынында, ол әйел сізге лайық әйел! – деп, ханды азғырады.

Хан Жаманның үйіне барып, өз көзімен әйелді, оның тәрбиесін көрген соң: «Шынында, маған лайық әйел екен», – деп ойлап, үйге қайтып келіп, қырық уәзірмен кеңеседі.

— Ойда жоқта ойға салған сендер едіңдер. әйелді алуға маған қандай айла тауып бересіңдер? – дейді. Уәзірлер кеңесіп:

— Жақсы, тақсыр! Жаманды шақыр! Біз оны «Барса-келмеске» жұмсайық. Сонда ол өлген, ол өлген соң жесір әйелді сіз оңай аласыз! – дейді. 

400

Мадан хан Жаманды Барсакелместен не әкелуді бұйырады?

— «Барсакелмес» деп айтатын жерде «інжілі қой» деп қояды бар, – деп айтады. Бір түгі - алтын, бір түгі күміс, сойса, суы - бір адамға тон дейді. Соның терісін үстіме кигім келеді. «Інжілі үйрек» деген үйрек бар, қанаты - күміс, басқа жері - алтын» дейді. Соны тәж қылып кигім келеді. «Дәнің інжілі қара арғымағы бар, бір шапқанда жүздіргіш шабады» дейді. Соны мінгім келеді. Міне, осы жұмыстарға барасың, – деп, Жаманды хан кілең өтірікке жұмсайды.

400

Жаман неліктен қонысын аударады?

— Мен айыптымын, менде бір қате болды, шайтанның азғырғанына ердім, оған себеп мына уәзірлер. Бұлар енді иә саған, иә маған бір қатер қылар, сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш,– дейді. Жаман риза болып көшетін болады. Хан бірнеше түйеге жасау, зат арттырып, Жаманды Ақша ханның еліне көшіріп салады.