Қазақ тилинде неше дауысты дыбыс бар?
12 дауысты дыбыс бар.
Дауысты дыбыстар қалай бөлинеді?
Жуан және жіңішке
Ашық және қысаң
Еріндік және езулік
Буын дегеніміз не?
Сөздегі бір дауысты дыбыстың айналысына топтасқан дыбыстар жиынтығы
Ашық буынға мысал келтір.
Ашық буын дауысты дыбысқа аяқталады:
ба-ла, а-та, қа-ла
Үндестік заңы дегеніміз не?
Үндестік заңы – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үйлесіп айтылуы (жуан-жіңішке болып сәйкестенуі).
Синоним дегеніміз не?
Синоним – мағынасы ұқсас сөздер.
«Әдемі» сөзіне синоним айт.
Сұлу, көркем, әсем.
Антоним дегеніміз не?
Антоним – мағынасы қарама-қарсы сөздер.
«Жақсы» сөзіне антоним айт.
Жаман
Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
Бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы.
Мысалы: бас (адамның басы, таудың басы, істің басы).
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім – заттың, құбылыстың, адамның атын білдіретін сөз табы.
Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Қандай? Қай?
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім – заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Есімдіктің неше түрі бар?
Есімдік 7 түрге бөлінеді:
жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.