алғашқы адамдардың негізгі кәсіптері қандай болды?
Аңшылық пен терімшілік
Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінді?
Палеолит, мезолит,неолит деп бөлінді.
Аталық ру қай дәуірде орнықты?
Қола дәуірінде орнықты
Энеолит дәуірінде адамдардың тұрмысында қандай маңызды өзгеріс болды?
Адамдар мал шаруашылығымен айналыса бастады,яғни малды қолға үйретіп,отырықшы өмір салтына көше бастады.
Көшпелілер не үшін маусым сайын қоныс аударып отырған?
Малға жайлым табу үшін және,шөп пен су іздеп
Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдар неше миллион жыл бұрын қоныстанды?
1 миллион жыл бұрын қоныстанды.
Палеолит дәуірінің хронологиясы қандай?
Б.з.б. 2,6 млн-12мың жыл бұрын қамтыды.
Қола дәуірінде қандай металл қоспасы қолданылды?
Қалайы мен мыс.
Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің археологиялық маңыздылығы неде?
Ботай мәдениеті жылқыны алғаш қолға үйреткенімен ерекшеленеді;бұл Қазақстан аумағындағы жылқы шаруашылығының бастамасын көрсетеді.
Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындарының негізгі шаруашылығына нелер айналды ?
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына байланысты айналды
терімшілікпен көбінесе кімдер шұғылданды?
Әйелдер шұғылданды.
Мезолит дәуірінің басты жаңалығы қандай?
Садақ пен жебенің жасалуы
Қола дәуірінің хронологиясы қандай?
Б.з.б 2 және 1мыңжылдықтар қамтыды
Энеолит дәуірінің хронологиясы қандай?
Б.з.б.3000-1800 жылдар қамтыды
Көшпелілердің баспанасы қалай аталды?
Киіз үй деп аталды.
ең алғашқы адам қалай аталды?
Епті адам.
Ежелгі адамдар отты алғаш қай дәуірде пайдаланды?
Палеолит дәуірінде пайдаланды.
Қола дәуіріндегі ең танымал мәдинет қалай аталды?
Андрон мәдинеті деп аталды.
Ботай мәдениетінің ерекшелігі неде?
Жылқыны алғаш қолға үйреткені.
Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталған?
Наурыз мейрамы және қонақжайлық,үлкенге құрмет көрсету сақталған.
Ежелгі адамдардың алғашқы баспанасы қалай аталды?
үңгірлер деп аталды.
Қай дәуірде мүйізден,сүйектен,ағаштан құралдар жасала бастады?
Мезолит дәуірінде жасала бастады.
Қола дәуірінде шаршаушылықтың басты саласы қандай деп аталды?
Мал шаруашылығы деп аталды.
Энеолит дәуірінде еңбек құралдары жасау үшін қандай материалдар қолданылды және қандай өзгерістерге әкелді?
Мыс пен тас қатар қолданылды;бұл еңбек өнімділігін арттырып,шаруашылықтың дамуына әсер етеді.
Жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қону қалай?
Қыстау,көктеу,жайлау,күзеу деп аталды.