36 саны 6-ға бөлінеді ме? Неге?
Иә, себебі 36 : 6 = 6.
«Кітапхана» сөзінде неше буын бар?
4 буын.
Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
1991 жыл.
1 сағатта неше минут бар?
60 минут.
Етістіктің сұрағы қандай?
Не істеді? Не қылды?
125 саны 5-ке бөлінеді ме? Қалай білдің?
Жер Күнді неше күнде толық айналады?
Егер сен 3-орында тұрсаң және алдыңдағы адамды басып озсаң, нешінші орынға шығасың?
2-орынға.
8² нешеге тең?
64
Сөйлемдегі баяндауыш қандай қызмет атқарады?
Іс-әрекетті білдіреді
Бір жылда неше апта бар?
52 апта
Бір бөлмеде 6 шам бар. 3-еуін сөндірдік. Неше шам қалады?
6
Егер 5 жұмысшы 5 күнде 5 үй салса, 1 жұмысшы 1 үйді неше күнде салады?
5 күнде
Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 5 см. Ауданы неше?
40 см²
1 литр су ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма?
Бірдей (екеуі де 1 кг)
«Жеті жарғы» заңдарын шығарған хан кім?
Тәуке хан
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қай ғасырда болды?
XVIII ғасыр
«Абай жолы» романының авторы кім?
Мұхтар Әуезов
Абай Құнанбайұлы қай ғасырда өмір сүрді?
XIX ғасыр
«Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім?
Бердібек Соқпақбаев
«Қобыланды батыр» қандай жанрға жатады?
Эпос
Ыбырай Алтынсарин ашқан алғашқы мектеп қай жылы ашылды?
1864 жыл
Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталды?
Қасым ханның қасқа жолы
Алтын Орданың негізін қалаған кім?
Бату хан
Абылай ханның шын есімі кім?
Әбілмансұр