Онкология дегенимиз нет?
Жауабы: Онкология – ісіктердің пайда болуы, дамуы және алдын алу жолдарын зерттейтін ғылым
Ісік дегеніміз не?
Жауабы: Ісік – жасушалардың бақылаусыз, шексіз бөлінуінен пайда болатын патологиялық түзіліс
Қатерсіз ісік дегеніміз не?
Жауабы: Қатерсіз ісік – баяу өсетін, басқа ұлпаларға таралмайтын ісік.
бонус
сіктің пайда болуы қандай жасушамен байланысты?
Жауабы: Сомалық (дене) жасушаларымен байланысты.
Канцерогенез дегеніміз не?
Жауабы: Канцерогенез – қалыпты жасушалардың қатерлі ісік жасушаларына айналу үдерісі.
Сомалық мутация деген не?
Жауабы: Сомалық мутация – дене жасушаларында пайда болатын тұқым қуаламайтын өзгеріс.
Ісіктің пайда болуына не себеп болады?
Жауабы: Канцерогендер, мутациялар, радиация, вирустар, зиянды әдеттер.
Тұқым қуалайтын ісік дегеніміз не?
Жауабы: Ата-анадан ген арқылы берілетін ісікке бейімділік.
Тұқым қуаламайтын ісік қалай пайда болады?
ауабы: Қоршаған орта әсерінен, өмір салтына байланысты пайда болады.
Канцерогендер дегеніміз не?
Жауабы: Ісіктің пайда болуына әсер ететін химиялық, физикалық немесе биологиялық факторлар.
Химиялық канцерогендерге мысал келтіріңіз.
Жауабы: Темекі түтіні, алкоголь, улы химиялық заттар.
Физикалық канцерогендерге не жатады?
Жауабы: Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәуле.
Биологиялық канцерогендер дегеніміз не?
Жауабы: Вирустар мен микроорганизмдер (мысалы, онковирустар).
Ісік жасушаларының негізгі ерекшелігі қандай?
Жауабы: Бақылаусыз бөлінеді және қалыпты жасушалардан айырмашылығы бар.
Қатерлі ісіктің негізгі белгілерін атаңыз.
Жауабы: Тез өсуі, метастаз беруі, ағзаның жалпы жағдайын нашарлатуы.
бонус
+20 балл
Иммундық жүйе ісікке қалай әсер етеді?
Жауабы: Иммундық жүйе ісік жасушаларын танып, жоюға тырысады.
Метастаз дегеніміз не?
Жауабы: Қатерлі ісік жасушаларының қан немесе лимфа арқылы басқа мүшелерге таралуы.
Неге қатерлі ісік қауіпті?
Жауабы: Ол ағзаның өмірлік маңызды мүшелерін зақымдап, өлімге әкелуі мүмкін.
Психологиялық саулықтың онкологиялық аурулардың алдын алудағы рөлі қандай?
Иммундық жүйені нығайтады
Психологиялық тұрғыдан сау адамда күйзеліс (стресс) деңгейі төмен болады. Бұл иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, ал иммунитет ісік жасушаларын дер кезінде танып, жоюға қабілетті.
Стресстің зиянды әсерін азайтады
Ұзаққа созылған стресс гормондық тепе-теңдікті бұзып, жасушаларда мутациялардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Психологиялық саулық бұл қауіпті төмендетеді.
Зиянды әдеттердің алдын алады
Психологиялық жағдайы тұрақты адамдар темекі шегу, алкоголь қолдану сияқты зиянды әдеттерге аз ұрынады, ал бұл онкологиялық аурулардың алдын алуда маңызды.
Бауыр обырын пайда болуына әсер ететін вирустар қалай аталады
В,С Гепатит вирустары
обыр ауруының жасырын жүру мезгілі қанша
20-60 жыл
темекі құрамындағы концерогендерді ата
хош иісті көмірсутек радиоактивті заттар никотин синил қышқылы мышьяк тотығы никель хром кадмий тағы 70 астам концерогендер бар
бонус
+30 балл