Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Түркі тілдес
Байғазы деген не?
«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
жиегіне аң терісін салған, төбесіне үкі қадалған, сырты әшекейленген, ерлер де, қыздар мен жас келиншектер де киетін баскиім.
Бөрік
Атқа минген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Аударыспақ
Уыз деген не?
Жаңадан төлдеген малдың сүті
Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?
1989 жылы
Ерулік деген не?
Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Тізеден төмен түсетін қалың сырт киім.
Шапан
Ат үстіндегі ойындарды атаңыз
Көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, бәйге
Құйрық- бауырды жегізудің қандай мағынасы бар?
Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, тәтті болыңдар деген ниет жатыр.
Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?
Ахмет Байтұрсынов
Асату
Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.
Әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі
Қамзол
Теңге ілу
Теңгені іліп әкету үшін ептілік пен дәлдік қажет. Ойыншы қадамын бәсеңдетпестен жерден теңгені іліп әкету керек. Бұл ойын шайқастарда көмектесетін белгілі бір дағдыларды үйретуге бағытталған.
Бір сан жілік пен төс салынады.
Күйеу табақ
Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның - қай ақынның сөзі?
Мұқағали Мақатаев
Жылу жинау
Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып, ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.
Аң терілерінен тігілген, қыста киетін сәнді киім.
Асықтың ең үлкен түрі қалай аталады?
сақа
бонус
«Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
Ыбырай Алтынсарин
Қонақкәде айт
Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа салатын болған. Ол – өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті, қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені, қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.
Әйелдер баскиімдері несімен ерекшеленеді?
Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді
жастар екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды.
Ақсерек-көксерек
Піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам
Нарын