Экологиялық із дегеніміз не?
бұл адамның іс-әрекетінің планета экожүйелеріне түсіретін жүктемесін өлшейтін көрсеткіш
Адам қолданатын су ресурстарының тек 2,5%-ын құрайтын су түрі қалай аталады?
Тұщы су
Ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің шамамен қанша пайызын құрайды?
4-5%
Топырақтың өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қабілеті қалай аталады?
Құнарлылық
Қазақстандағы урбанизация деңгейі ең жоғары қалаларды атаңыз.
Алматы, Астана, Шымкент
Тұрақты дамудың анықтамасы
қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін қатерге тікпейтін даму.
Арал теңізінің тартылуы қандай өзендердің шамадан тыс пайдаланылуымен байланысты?
Сырдария
Қазақстандағы қандай өзендер трансшекаралық болып табылады
Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Тобыл
Топырақ құрамында хлорид, сульфат, карбонаттардың жинақталу процесі қалай аталады?
Топырақтың тұздануы
Мегаполистерде көміртек ізі неге жоғары?
Халық санының өте көп болуы
Автокөліктердің көп пайдаланылуы
Өнеркәсіптік және коммерциялық нысандардың шоғырлануы
Жоғары энергия тұтынатын инфрақұрылым
Қалдықтардың көп мөлшерде түзілуі
Earth Overshoot Day деген не?
«Экологиялық қарыз күні» — бұл адамзат бір күнтізбелік жыл ішінде Жер қайта қалпына келтіре алатын жаңартылатын ресурстар көлемін толықтай тұтынып қойған күн. Осы күннен кейін тұтынылатын барлық ресурстар «қарызға» алынады, яғни экожүйелерді әлсірету және болашақ ұрпақ есебінен жүзеге асады.
Елдің су ресурстарын тұтыну деңгейі қолжетімді су көлемінен асып кеткен жағдайда қандай жағдай туындайды?
Су стресі
Бұл құрылғының мақсаты қандай?
Ирригация жүйелері - суландыру мақсатында пайдаланылады
Жел мен судың әсерінен топырақтың бұзылу процесі қалай аталады?
Эрозия
Урбанизация салдарынан қалаларда қандай экологиялық мәселелер жиі туындайды?
Қозғалыс, ластану, шу, жасыл аймақтың азаюы.
Табиғаттың ресурстарды өндіру және қалпына келтіру қабілетін сипаттайтын көрсеткіш қалай аталады?
Биологиялық әлеует (биосыйымдылық).
Қазақстанда қандай салалар су ресурстарын ең көп тұтынады?
Су энергетикасы (ГЭС), ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп.
Ауыл шаруашылығы секторынан климатқа әсер ететін негізгі газдарды атаңыз.
Жылыжай газдары ауыл шаруашылығынан бөлінеді (метан, азот тотығы).
Қазақстанның қай өңірінде топырақ құнарлылығы ең жоғары?
Қазақстанның солтүстігі.
«Жасыл экономика» ұғымы нені білдіреді?
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаға зиянды азайту және экономикалық өсімді экологиялық тұрақтылықпен үйлестіруді көздейтін экономика түрі.
Биосыйымдылығы ең жоғары мемлекеттерді атаңыз
Ресей, Бразилия, Канада
Елдер арасындағы су қатынастарын реттеу ғылымы мен практикасы қалай аталады?
Су дипломатиясы және трансшекаралық су басқару.
Сарапшылар ауыл шаруашылығын дамыту үшін қандай реформаларды ұсынады?
Технологияларды жаңарту, суды басқаруды жақсарту, қайта өңдеуді дамыту, цифрландыру, субсидияларды реформалау, жер құқықтарын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту.
Қазақстан аумағының 70% осы жер санатына тиесілі
Жайылымдық жерлер
Zero-waste қалалық жүйесінің мәні неде?
Қала деңгейінде қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдалану жүйесі