Өнеркәсіп және реформалар
Ауыл шаруашылығы және өзгерістер
Даму жолы және салдары
Талқылау және қорытынды
100

1965–1985 жылдар аралығы КСРО тарихында кімнің басқару кезеңімен тұспа-тұс келеді?  

Л. Брежневтің басқару кезеңімен.

100

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі біршама өсуіне түрткі болған қай жылғы наурыз Пленумы?  

 1965 жылғы наурыз Пленумы.

100

Экономиканы сапалы жаңа технологиялармен емес, тек шикізат пен жұмыс күшін көбейту арқылы өсіру жолы қалай аталады?  

Экстенсивті даму жолы.  

100

Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының табиғатқа тигізген басты теріс әсері қандай болды?  

Табиғи тепе-теңдік бұзылып, жерлер эрозияға ұшырады

200

1965 жылы қолға алынып, кәсіпорындарға шаруашылық есеп пен дербестік беруді көздеген реформа қалай аталады?  

Косыгин реформалары.  

200

Тың және тыңайған жерлерді игеру мен жаппай жүргізілген қай саясат табиғи тепе-теңдікті бұзды?

 Мелиорация (жерді құрғату/суландыру) саясаты.

200

Өнеркәсіптік алыптарды салу барысында Қазақстанда қандай екі ірі экологиялық апат орын алды?

Семей ядролық полигоны және Арал өңіріндегі апат.

200

Ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың алшақтауы ауыл өміріне қандай қиындық әкелді?

Инфрақұрылымның жоқтығынан ауылда жұмыс күшінің тапшылығы сезілді.  

300

Косыгин реформаларының нәтижесінде өнеркәсіптің жандануы байқалған қай бесжылдық?

 8-ші бесжылдық (1966–1970 жылдар)

300

Ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың алшақтауы жастардың қалаға жаппай көшуіне – қандай үрдіске әкеліп соқты?  

Урбанизацияға

300

Ауылда жұмыс күшінің тапшылығы сезілуіне негізгі себеп болған жағдайды атаңыз.  

Инфрақұрылымның жоқтығынан ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың тым алшақтауы және жастардың қалаға көшуі (урбанизация).

300

Урбанизация үрдісінің (жастардың ауылдан қалаға жаппай көшуінің) елдің әлеуметтік дамуына тигізген оң және теріс әсерлері қандай?

Мысалы: қалалар мен өнеркәсіп орындары жұмыс күшімен қамтылғанымен, ауылдық жерлерде халық сиреп, еңбек ресурстары азайды

400

Қазақстан экономикасының КСРО орталығы үшін тек қазба байлықтары мен табиғи ресурс өндіруші аймаққа айналуын сипаттайтын бағыт қалай аталады?

Шикізаттық бағыт.

400

Ауыл шаруашылығындағы теріс әсер еткен факторлардың бірі – мал шаруашылығындағы қандай саясат пен асыра сілтеушілік?

 «Ірілендіру» саясаты және ет өндірудегі асыра сілтеушілік.  

400

 1965–1985 жылдары Қазақстанда дайын өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыттардың үлесі артып, одақтағы көшбасшы өңірге айналды деген тұжырым дұрыс па, әлде қате ме?

 Қате (себебі экономика тек шикізаттық бағытта дамыды, ал жоғары технологиялық дайын өнім шығару жағы артта қалды).

400

Неліктен 1965–1985 жылдар кезеңі тарихта «Тоқырау» жылдары деп аталып кетті? Өз көзқарасыңызды айтыңыз.  

Экономиканың тек шикізатқа тәуелді болуы, екпіннің сапаға емес, тек санға (экстенсивті жолға) негізделуі, әкімшіл-әміршіл жүйенің дағдарысқа ұшырауы және экоапаттардың орын алуы