Сыбайлас жемқорлық туралы
Әлемдік тәжірибе
Қазақстандық тәжірибе
Күрес шарттары
Азаматтық белсенділік
100

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Мемлекеттік немесе лауазымды тұлғаның өз өкілеттігін жеке пайда үшін теріс пайдалануы.

100

Қай елдерде сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен?

Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия.

100

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қашан қабылданды?

1998 жылы.

100

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ең басты қағида қандай?  

Заңның үстемдігі және барлық азаматтардың заң алдында тең болуы.

100

Азаматтық белсенділік дегеніміз не?

Қоғам өміріне белсенді қатысып, өз пікірін ашық білдіру және жауапкершілік алу.

200

Сыбайлас жемқорлықтың қандай негізгі түрлері бар? 

Пара алу, пара беру, қызметтік өкілетті теріс пайдалану, делдал болу.

200

Transparency International ұйымы немен айналысады?

Әлем елдеріндегі жемқорлық деңгейін зерттеп, рейтинг жариялайды.

200

Antikor орталығының басты мақсаты қандай?

Жемқорлықтың алдын алу, азаматтарға көмек және бақылау

200

Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексінің мақсаты не?

Қызметкердің адалдығын, әділдігін және азаматтарға деген құрметін қамтамасыз ету.

200

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактісі туралы қайда хабарлай алады?

e-Otinish порталы, 1424 Antikor call-орталығы немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік сайты арқылы.

300

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қандай зияны бар?

Әділдік пен сенім бұзылады, экономикалық даму тежеледі.

300

Дамыған елдер жемқорлықпен қалай күреседі?

Электрондық үкімет, қоғамдық бақылау, қатаң заң және ашықтық арқылы.

300

Тегін +1 балл

+1!!!

300

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі қандай?

Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматқа көшуі.

300

Студенттер адалдық пен әділдік қағидаларын қалай насихаттай алады?

«Адал Ұрпақ», «Sanaly Úrpaq» клубтарына қатысу, еріктілік және өз мінез-құлқымен үлгі болу.

400

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін не істеу қажет?

Ашықтық, есеп беру, бақылау және халықтың белсенділігі қажет.

400

Скандинавия елдері жемқорлықсыз болуына не әсер етті?  

Жоғары азаматтық мәдениет, заң үстемдігі және білім деңгейі.

400

ҚР шағым беруге арналған экектрондық платформасы қалай аталады

E Otinish

400

Қоғамдық бақылаудың жемқорлықпен күрестегі маңызы неде?

Азаматтардың билік әрекеттерін бақылауы ашықтық пен жауапкершілікті арттырады.

400

Әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі қандай?

Пара бермеу, заң бұзушылықты жасырмау және қоғам мүддесін қорғау.

500

Адалдық мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?  

Білім беру, тәрбие және жақсы үлгі көрсету арқылы

500

Әлем тәжірибесінен Қазақстан не үйрене алады?

Мемлекеттік қызмет ашықтығын арттыру және қоғамның белсенді қатысуын күшейту.

500

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметі қандай?

Тергеу, талдау және алдын алу жұмыстарын жүргізу.

500

Жемқорлықпен күрестегі негізгі халықаралық құжат қалай аталады?

БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы (2003 ж.).

500

Қазақстанда жастардың адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қандай бағдарлама бар?

«Адал Ұрпақ» және «Sanaly Úrpaq» республикалық жобалары.