ФИЗИКА
Қазақстан тарихы
География
Биология
Ағылшын тілі
100

Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

Жауабы: Дененің басқа денелерге қатысты орнының уақыт бойынша өзгеруі.

100

Қазақ хандығының алғашқы астаналарының бірі?

Сығанақ

100

Қазақстан қандай материкте орналасқан?

Еуразия материгінде.

100

Адам ағзасындағы негізгі қан жасушаларын ата.

Жауабы: Қызыл қан жасушалары (эритроциттер), ақ қан жасушалары (лейкоциттер)

100

Қайсысы дұрыс сөйлем?

a) She go to school every day.

b) She goes to school every day.

Жауабы: b) She goes to school every day

200

Дене 120 м жолды 30 с-та жүрді. Орташа жылдамдығын тап.

Берілгені:
s = 120 м
t = 30 с

Шешуі:
v = s / t
v = 120 м / 30 с
v = 4 м/с

Жауабы: 4 м/с

200

«Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды?

Тәуке хан.

200

Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?

Хан Тәңірі шыңы.

200

Жасушада энергия өндіретін органоид қалай аталады?

Жауабы: Митохондрия

200

“I have been studying English for 3 years” сөйлемінде:

Қандай уақыт (tense) қолданылған?

Бұл уақыт не үшін пайдаланылады?

Жауабы: Present Perfect Continuous; басталған әрекет қазірге дейін жалғасып жатқанын көрсету үшін

300

Дене 10 м/с жылдамдықпен 15 с жүрді, кейін 6 м/с жылдамдықпен 25 с жүрді. Орташа жылдамдықты есепте.

Берілгені:
v₁ = 10 м/с, t₁ = 15 с
v₂ = 6 м/с, t₂ = 25 с

Шешуі:
s₁ = v₁ · t₁ = 10 · 15 = 150 м
s₂ = v₂ · t₂ = 6 · 25 = 150 м

Жалпы жол:
s = s₁ + s₂ = 150 + 150 = 300 м

Жалпы уақыт:
t = t₁ + t₂ = 15 + 25 = 40 с

Орташа жылдамдық:
vₒᵣₜ = s / t = 300 / 40 = 7,5 м/с

Жауабы: 7,5 м/с

300

1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуына ант берген хан?

Әбілқайыр хан.

300

Қазақстанда неге климат шұғыл континенттік болып келеді?

Мұхиттардан алыс орналасқандықтан, ауа температурасының айырмашылығы үлкен болады.

300

Фотосинтез процесі қай органеллада өтеді және қандай заттар түзіледі?

Жауабы: Хлоропласт; глюкоза мен оттегі

300

Төмендегі сөйлемдерді дұрыс тәртіппен қойып, бір бүтін ойды жасаңыз:

every day / goes / He / to school / on foot

homework / has / done / already / his / He

Жауабы:

He goes to school on foot every day.

He has already done his homework.