Аналық платаның басты міндеті:
Құрылғыларды өзара байланыстыру
Ақпарат дегеніміз не?
Белгілі бір мағынасы бар мәлімет
Жасанды интеллект дегеніміз не?
Адам ойлауын имитациялайтын ақылды жүйе
Microsoft Word қандай бағдарлама?
Мәтіндік редактор
Компьютер өшірілгенде жедел жадта (RAM) не болады?
RAM-дағы деректер толық жойылады
ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) не үшін қолданылады?
Құжаттарға онлайн қол қою және пайдаланушыны растау үшін
Бұлтты технологияға нақты мысал келтіріңіз
Google Drive
Machine Learning деген не?
Машинаның деректер негізінде өздігінен үйренуі
Microsoft Excel не үшін қолданылады?
Кесте құру және формуламен есептеу үшін
SSD құрылғысының HDD-дан басты артықшылығы неде?
Деректерді өте жылдам оқып-жазады
«Бір терезе» қағидасы нені білдіреді?
Барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алу мүмкіндігі
Операциялық жүйенің негізгі қызметі қандай?
Компьютер ресурстарын басқару
ChatGPT дегеніміз не?
Жасанды интеллектке негізделген чат-бот
PowerPoint бағдарламасының қызметі қандай?
Презентация жасау
Процессордың негізгі қызметі қандай?
Ақпаратты өңдеу
eGov порталында тіркелу үшін ең негізгі дерек қайсы?
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
Интернет желісі қай желі түріне жатады?
Ғаламдық желі (WAN)
WWW нені білдіреді?
World Wide Web
Microsoft Office дегеніміз не?
Кеңселік бағдарламалар жиынтығы