Барлық денелерді құрайтын ең кішкентай, көзбен көруге болмайтын бөлшектер қалай аталады?
Атомдар (немесе молекулалар)
Белгілі бір бетке (ауданға) перпендикуляр бағытта түсетін күштің әрекетін сипаттайтын физикалық шама?
Қысым
Түптері ортақ, бір-бірімен жалғасқан ыдыстар қалай аталады?
Қатынас ыдыстар.
Жердің бетін қоршап тұрған ауа қабығы қалай аталады?
Атмосфера
Сұйыққа батырылған денеге төменнен жоғары қарай әрекет ететін ығыстырушы күш қандай ғалымның құрметіне аталған?
Архимед
Бөлмеде әтірдің (духи) немесе тамақтың иісінің тез таралып кетуіне қандай физикалық құбылыс себепші болады?
Диффузия
Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) қысым қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
Паскаль (Па).
Тұрмыста күнделікті қолданылатын қатынас ыдыстарға кем дегенде екі мысал келтіріңіз.
Шәйнек, құмған, кофе қайнатқыш.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал?
Барометр
Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кіші (аз) болса, дене сұйық ішінде қандай күйде болады?
Сұйық бетінде қалқып жүзеді.
Судың химиялық формуласы қандай?
H20
"Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі". Бұл кімнің заңы?
Паскаль заңы.
Сұйықтардағы қысымның таралу заңдарына негізделіп жасалған, ішінде екі поршені бар механизм (мәшине) қалай аталады?
Гидравликалық мәшине (немесе гидравликалық пресс).
17-ғасырда ішіне сынап құйылған 1 метрлік шыны түтікті пайдаланып, атмосфералық қысымды алғаш өлшеген итальяндық ғалым?
Эванджелиста Торричелли.
Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Архимед күшін есептейтін формуланы атаңыз.
FA=pgV
Қатты, сұйық және газ. Бұл үш атау заттың қандай күйлерін білдіреді?
Агрегаттық күйлерін.
Жай аяқпен жүргенге қарағанда, қар үстінде шаңғымен жүру неліктен оңай?
Шаңғының тіреу ауданы үлкен болғандықтан, қарға түсетін қысым едәуір азаяды.
Гидравликалық мәшиненің үлкен поршенінің ауданы кішісінен неше есе үлкен болса, біз күштен... (сөйлемді аяқтаңыз).
Сонша есе ұтыс аламыз (ұтамыз).
Сұйықтардың немесе газдардың ыдыс ішіндегі қысымын өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Манометр
Архимед заңы қалай тұжырымдалады?
Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
Өз көлемін сақтайтын, бірақ пішінін оңай өзгертіп, өзі құйылған ыдыстың пішінін қабылдайтын заттың күйі?
Сұйық күй
Ыдысқа құйылған сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді? (Формуласын атаса да болады)
Сұйықтың тығыздығына және бағанның биіктігіне тәуелді (P=pgh).
Қатынас ыдыстың екі тармағына екі түрлі сұйық (мысалы, бір жағына су, екіншісіне глицерин) құйсақ, олардың биіктіктері бірдей болмайды. Биіктік қандай шамаға тәуелді өзгереді?
Сұйықтардың тығыздығына кері пропорционал болады.
Ішінде сұйығы жоқ (ауасы сорылған жұқа металл қорапшадан тұратын), ұшақтар мен кемелерде жиі қолданылатын қауіпсіз барометр қалай аталады?
Барометр-анероид.
Суда жүзіп жүрген мұз кесегінің жалпы көлемінің қандай бөлігі су астына батып тұрады?
Көлемінің 9/10 бөлігі (немесе 90 пайызы).