Масса дегеніміз не?
Денедегі зат мөлшерін сипаттайтын физикалық шама.
Көлем дегеніміз не?
Дененің алып тұрған кеңістігі.
1 метрде неше сантиметр бар?
100 см.
Массаны өлшеу үшін қандай құрал қолданылады?
Таразы.
Мензуркадағы судың деңгейі неге көтеріледі, егер оған дене салсақ?
Себебі дене судың орнын басады.
Масса өлшенетін құрал?
Таразы.
Көлемнің негізгі өлшем бірлігі қандай?
Куб метр (м³).
Көлемнің халықаралық жүйедегі бірлігі?
Куб метр (м³).
Көлемді анықтауға арналған құрал?
Мензурка.
Егер стакандағы суға тас тастаса, не өзгереді?
Су деңгейі көтеріледі.
Масса қандай бірлікпен өлшенеді?
Килограмм (кг).
1 литр неше куб сантиметрге тең?
1000 см³.
1 дм³ неге тең?
1 литрге тең.
Дұрыс емес пішінді дененің көлемін қалай анықтаймыз?
Оны суға батырып, су деңгейінің өзгерісін өлшейміз.
Егер бірдей көлемдегі ағаш пен темір кесектерін ұстасаң, қайсысы ауыр болады?
Темір ауыр болады, себебі массасы үлкен.
Егер дененің массасы 500 г болса, ол неше кг?
0,5 кг.
Мензурка не үшін қолданылады?
Сұйықтықтың немесе дұрыс емес пішінді дененің көлемін өлшеу үшін.
Масса мен көлем қандай әріптермен белгіленеді
m және V
Тікбұрышты дененің көлем формуласы?
V=a×b×c.
Неге резеңке доп су бетінде қалқып тұрады?
Себебі оның массасы аз, ал көлемі үлкен, сондықтан ол суға толық батпайды.
1 тонна неше килограммға тең?
1000 кг.
Егер мензуркадағы су 40 мл-ден 70 мл-ге көтерілсе, дененің көлемі неше мл?
30 мл.
Егер көлем 2 м³ болса, ол неше дм³ болады?
1 м³ = 1000 дм³, сонда 2 м³ = 2000 дм³.
Кубтың қыры екі есе артса, көлем неше есе артады?
8 есе.
Егер дененің пішіні күрделі болса, оның көлемін өлшеудің ең тиімді тәсілі қандай?
Оны суға батырып, ығысқан судың көлемін өлшеу.