Химиялық реакция дегеніміз не?
Химиялық реакция – бұл заттардың құрамының өзгеруі нәтижесінде жаңа заттардың түзілуі.
Үгілу нешеге бөлінеді?
Үгілу үш түрге бөлінеді: физикалық, химиялық және органикалық.
Органикалық үгілу себептері?
Себептері: Өсімдіктердің тамырлары мен микроорганизмдердің әрекеті.
Нәтижесі: Тау жыныстары өсімдіктердің әсерінен бұзылады.
Көмірқышқыл газының айналымында өсімдіктер қандай рөл атқарады?
A) Көмірқышқыл газын бөліп шығарады
B) Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі
C) Атмосфераға азот бөледі
Көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі
Химиялық реакцияның белгілерін атаңыз
Газдың бөлінуі
Шөгіңдінің түзілуі
Түстің өзгеруі
Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
Физикалық үгілудің себептері?
Себептері: Температураның ауытқуы, судың тоңып еруі, желдің әсері.
Нәтижесі: Тау жыныстары жарықтарға бөлініп, ұсақ бөлшектерге айналады.
Табиғаттағы заттар айналымының негізгі түрлерін көрсетіңіз:
A) Оттегі, су, азот
B) Су, көмірқышқыл газы, азот
C) Азот, сутегі, көмірқышқыл газы
Су, көмірқышқыл газы, азот
Азот айналымында қандай ағзалар басты рөл атқарады?
A) Бактериялар
Б) Өсімдіктер
В) Жануарлар
Бактериялар
Үгілу дегеніміз не?
Үгілу – жер қыртысындағы тау жыныстарының әртүрлі сыртқы факторлардың әсерінен ұсақталып, бұзылу процесі.
Химиялық үгілудің себептері?
Себептері: Судың, ауаның және қышқылдардың әсерінен жыныстардың құрамындағы минералдардың өзгеруі.
Нәтижесі: Жыныстардың химиялық құрамы өзгереді (мысалы, әктастардың еруі).
Су айналымының негізгі кезеңдері қандай?
A) Тыныс алу, фотосинтез, булану
B) Булану, конденсация, жауын-шашын
C) Жауын-шашын, тыныс алу, фотосинтез
Булану, конденсация, жауын-шашын
Табиғаттағы заттар айналымының маңызы неде?
A) Жер бетінде судың көбеюі
B) Биосферадағы тепе-теңдікті сақтау
C) Жауын-шашын мөлшерін арттыру
Биосферадағы тепе-теңдікті сақтау