1920 жылы Совнарком съезінде (Ленин төрағалығымен) қазақ жерін қорғау кезінде Қазақстанның қандай аймақтары сақталып қалған?
Каспий теңізінің солтүстік жағалауы (қазіргі Маңғыстау мен Атырау бөлігі)мен Ақмола өңірін (қазіргі Астана аймағы)
Әлихан Ермеков қазақ территориясының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
Жауабы: Әлихан Ермеков 1919–1920 жылдары Мәскеуде өткен келіссөздерде қазақ автономиясының территорияларын ғылыми тарихи негіздемемен қорғап, кеңес үкіметіне мойындатуға үлесінқосты. Каспий теңізінің солтүстік жағалауы (қазіргі Маңғыстау мен Атырау бөлігі)мен Ақмола өңірін (қазіргі Астана аймағы) аймақтарын сақтап қалған.
Қазақ жерінің шекарасын анықтауда кімдер ерекше еңбек етті? 2 тұлғаны атап кетініз
Қазақ автономиясының шекарасын анықтауда Әлихан Бөкейхан мен Әлімхан Ермеков үлкен еңбек сіңірді.
Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі не болды және не себептен бұл мәселе өзекті болды?
Алаш қозғалысының басты мақсаттарының бірі – жер мәселесін шешу болды. Себебі патшалық Ресейдің отарлау саясаты салдарынан қазақтар өз жерлерінен ығыстырылып, шөлді аймақтарға көшірілді және өз жерін жалға алуға мәжбүр болды. Бұл әділетсіздік 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дейін алып келді.
Ермеков қазақ территориясын таластартыда қандай дәлелдер келтірді?
Жауабы: Ол қазақ территориясының қоныстану тарихын, халықтың демографиялық үлесін, қай жердің қазақтар тұратынын дәлелдеп келіссөздерде ұсынды
Алаш зиялылары мен большевиктердің жер мәселесіне көзқарастары несімен ерекшеленді?
Большевиктер жерді саяси-экономикалық тұрғыдан, орталықтандырылған бақылауды сақтап, «кеңсе сызғышы» әдісімен бөлгісі келді.
Ал Алаш зиялылары ғылыми және құқықтық дәлелдерге сүйеніп, қазақ халқының тарихи қоныстану аймақтарын, демографиялық үлесін негіздеп, большевиктердің өздері жариялаған «Ұлттардың өзін-өзі билеу» қағидатын өз мүддесіне тиімді пайдаланды.
XVIII ғ. соңы - XIX ғ. басы: Ресей империясы қазақ жерлерін отарлау саясатын жүзеге асырды. Осы саясаттың басты мақсаты қаңдай болды?
Қаңдай басты аймақттар көзделді.
Мақсаты: Қазақтың шұрайлы жерлері мен табиғи ресурстарын өз пайдасына пайдалану.
Ертіс өзенінің сол жағалауы және Солтүстік Қазақстан: Ресей үшін стратегиялық маңызы бар жерлер.
Бөкей Ордасы: Астрахан губерниясына қосылып, қазақтардың дербестігі шектелді.
Каспий теңізінің жағалауы: Экономикалық және әскери мақсаттар үшін тартып алынды.
Жұмабек Ташенов қазақ жерін қалай сақтап қалды, оның қандай тарихи маңызы бар?
1950-1956 жж: Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбек елінен
1960 жж: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстары
1961 ж: Маңғыстау облысы
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мен көрші мемлекеттер арасындағы шекараларды нақтылау неге маңызды болды және бұл мәселе қалай шешілді?
Кеңес Одағы кезінде Қазақстан мен көрші республикалардың шекаралары тек шартты түрде ғана белгіленген еді, сондықтан 1991 жылы тәуелсіздік алған соң жер тұтастығын заң жүзінде бекіту — мемлекеттің басты стратегиялық міндеті болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекараларды делимитациялау (анықтау) және демаркациялау (белгілеу) жұмыстарын бейбіт келіссөздер арқылы жүргізді.