Жасанды интеллект дегеніміз не?
Компьютердің ойлау қабілеті
AI медицинада не үшін қолданылады?
Ауруды анықтау
Machine Learning деген не?
Компьютердің деректер арқылы үйренуі
AI адамды толық алмастыра ала ма? Неге?
Жоқ, себебі адамда эмоция және шығармашылық бар
AI болашақта қай салаларда күшейеді?
Медицина, білім, технология
AI қай салаға жатады?
Информатика
Білім беруде AI қалай көмектеседі?
Оқыту процесін жеңілдетеді
Нейрондық желі неге ұқсайды?
Адам миына
AI дамуы жұмыссыздыққа қалай әсер етуі мүмкін?
Кейбір қарапайым жұмыстарды автоматтандырады
Неге AI дамуы тоқтамайды?
Себебі технология және дерек көлемі өсіп жатыр
Неге AI “ақылды” болып есептеледі?
Себебі ол деректерден үлгі үйреніп, нәтижені болжай алады
Көлікте AI қандай қызмет атқарады?
Автоматты басқару (автопилот)
Деректер AI үшін неге маңызды?
Үйрету үшін қажет
AI-дың ең үлкен қауіпі қандай?
Деректердің дұрыс қолданылмауы және бақылаудың аздығы
Болашақта AI адаммен қалай жұмыс істейді?
Бірге жұмыс істейтін көмекші жүйе ретінде
AI мен дәстүрлі бағдарламаның айырмашылығы неде?
AI үйрене алады, ал дәстүрлі бағдарлама тек жазылған ережемен жұмыс істейді
Банкте AI не үшін керек?
Алаяқтықты анықтау
Chatbot деген не?
Әңгімелесетін бағдарлама
Неге AI-ды этикалық түрде қолдану маңызды?
Қоғамға зиян келтірмеу үшін
AI-дың дамуы қоғамға қандай пайда әкеледі?
Өнімділіктің артуы және жаңа мүмкіндіктер
Неліктен деректер AI үшін ең маңызды ресурс?
Себебі AI шешімін деректер арқылы қалыптастырады
Күнделікті өмірдегі AI мысалы?
Смартфондағы дауыс көмекшісі
AI қалай үйренеді?
Деректер мен алгоритмдер арқылы
Егер AI бақылаусыз дамыса, қандай мәселе туындауы мүмкін?
Қате шешімдер, қауіпсіздік және әділетсіздік
Ең идеалды AI қандай болуы керек?
Қауіпсіз, әділ, адамға көмек беретін