Абайдың өмірі
Абайдың отбасы
Шығармашылығы
"Абай жолы"романы
қара сөздер
100

Абайдың шын есімі?

Ибраһим

100

Абайдың әкесі Құнанбай кім болған?

би, аға сұлтан

100

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан...Өлеңді жалғастырыңыз.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан.

100

"Абай жолы" роман-эпопеясының авторы кім?

Мұхтар Әуезов

100

Абайға қара сөз жазуда көмекші болған екі құралды атаңыз.

Ақ қағаз бен қара сия

200

Абайдың руы? Толық жауап беріңіз.

Орта жүздің ішінде Арғын, Арғыннан тараған Тобықты руы

200

Абайдың неше әйелі болды? Оларды атаңыз

Ділдә, Әйгерім, Еркежан

200

Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасы

"Ескендір" поэмасы

200

"Абай жолы" роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады және қай жылдары жарыққа шықты?

4 кітап

 1-кітабы 1942ж, 2-кітабы 1947ж, 3-кітабы 1952ж, 4-кітабы 1956 ж. жарыққа шықты.

200

Ақыл, қайрат, жүректің дауын кім шешеді?

Ғылым

300

Абайдің білім алған жерлері? Толық жауап беріңіз.

Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды.

300

Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған балаларын атаңыз.

Ақылбай, Күлбадан, Әкімбай, Әбдірахман,Мағауия, Райхан

300

Үзінді қай өлеңнен алынған?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.

"Сегіз аяқ" өлеңі

300

Абайдың орыс әдебиетімен жақынырақ танысуына себеп болған орыс досы кім?

Е.Михаэлис

300

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Үзінді нешінші қара сөзден алынған?

19 сөз

400

Абай неше жасында әке атанды?

16жастан 

400

Абай: Атадан алтау, анадан төртеу,жалғыздық көрер жайым жоқ, дейді. Абайдың бір анадан (Ұлжаннан) туған бауырлары кімдер?

Тәңірберді (Тәкежан), Ысқақ, Оспан

400

Абайдың 4 түрлі жыл мезгілі жайлы жазған өлеңдерінің алғашқы сөздерін айтыңыз.

Сұр, ақ, жазғытұры, жаздыкүн.

400

"Абай жолы" роман-эпопеясының 1-кітабы  қандай тараулардан тұрады?

«Қайтқанда», «Жолда» «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген алты тараудан тұрады.

400

Абай 18 қара сөзінде: Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ, - дейді. Ойды жалғастырыңыз.

Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

500

Абай Құнанбайұлының алғашқы кітабы қашан және қайда жарыққа шықты?

1909 жылы Санкт-Петербург қаласында

500

Зере- (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты кім?

Тоқбала

500

Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла, жолына малың түгіл.

Өлең жолдарында келтірілген үш сүюді атаңыз.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті.

500

Әкесі Құнанбайдың Абайға таққан үш сыны

Ең әуелі, қымбат пен арзанның парқын айырмайсың. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың.

500

31 қара сөзде естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар екені айтылады. Оларды атаңыз.

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.