Эссе
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем
Махамбет Өтемісұлы
Тіл және мәдениет
Құпия
100

Эссе дегеніміз... (үш сөзбен)

Жеке көзқарастың көрінісі

100

Шешендік сөз дегеніміз не деп ойлайсыз? Зуылдатып сөйлей беру ме, әлде қалай?

Қысыл-таяң уақытта, жағдайда тауып айтылған, көкейге қонымды сөз.

100

Махамбет өз тұсында қай ханмен "қырық пышақ" болды?

Жәңгір хан

100

Кез келген мәдениет өзінің құнарын қайдан алады?

Ана тілінен

100

Қазақтың үш бәйтерегі, бес арысын атаңыз.

Бес арыс: Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов.

Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин.

200

Академиялық жазылым талаптары - ол...

Бір тілде жазу. Басқа тілдің сөздерін араластырмау (терминдерді есепке алмағанда)

200

Тәтті, өткір, қисық, түзу, ашық, жабық, жүйрік, ақ, қара, жүдеу. 

Осы сөздердің әрқайсысына тура және ауыспалы мағынасында сөз тіркестерін ойлап табыңыз.

Тәтті алма, тәтті қылық.

Өткір пышақ, өткір көзқарас.

Қисық парта, қисық пиғыл.

Түзу жол, түзу ниет.

Ашық алаң, ашық айқас.

Жабық кітап, жабық адам.

Жүйрік ат, жүйрік уақыт.

Ақ шалбар, ақ таң.

Қара көлік, қара кеш.

Жүдеу әйел, жүдеу көңіл.

200

Махамбет Өтемісұлы қай көтерілістің белсенді қатысушысы болды?

Исатай Тайманұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы көтеріліс. Бұл көтеріліс халықтың отаршылдыққа қарсы күресі ретінде танымал.

200

Жеті қазына

1) Ер жігіт; 2) Сұлу әйел; 3) Ілім-білім; 4) Жүйрік ат; 5) Құмай тазы; 6) Қыран бүркіт; 7) Берен мылтық.

200

"Келдім қайдан, қайтсем пайдам, өлгеннен соң не болам?!". Кімнің сөзі?

Шәкәрім 

300

Эссе қандай жанрларға тән?

Әдеби-прозалық; публицистикалық

300

Мына заманауи сөздерді (сленгтерді)/тіркестерді қазақ тіліндегі фразеологизммен алмастырып көріңіз.

"Үтік боп тұрсың" немесе "шыттай боп тұрсың", "жаман жақсы көрем"; "кайф алу", "базар жоқ", "жылап тұр", "пикми"

"Үтік боп тұрсың" - "көздің жауын аласың"

"Жаман жақсы көрем" - "құлай сүйемін"

"Кайф алу" - "тәнті болу" 

"Базар жоқ" - "шүбә жоқ" 

"Жылап тұр" - "қасарысып қалды", "бет қаратпады"

"Пикми" - "еркетотай"

300

Махамбет Өтемісұлының шығармаларында кездесетін "ереулі ат" ұғымының мағынасы қандай?

«Ереулі ат» ұғымы шайқасқа дайын, жорыққа ерікті батырдың мінер аты дегенді білдіреді. Ол халықтың еркіндікке ұмтылысын бейнелейді.

300

"Арқаға барып әншімін деме,

...жалғастырыңыз

"Атырауға барып күйшімін деме".

300

Ешбір ұлтта жоқ төл 9 әрпіміз қандай? 

Осы әріптерден басталатын бір-бір сын есім айтыңыз.

Ә І Ң Ғ Ү Ұ Қ Ө Һ

Әсерлі, іңкәр, ғажап, үнемшіл, ұланғайыр, қаһарлы, өзекті


400

Эссеге керекті көмекші құралдар? (кемі төртеуін атаңыз)

Терминдер, цитаталар, афоризмдер, мақал-мәтелдер, антоним-синоним ұғымдар

400

"Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен кітапхана". Кімнің сөзі?

Әбіш Кекілбайұлы

400

Бұлардың ұлт-азаттық көтерілісінің әлсіреуінің, жалпы жеңіліске ұшырауының негізгі 2 себебін атаңыз.

1. Исатайдың қазасы

2. Қару-жарақтың, адам санының жеткілікті болмауы

400

Қазақ балаларына арнап ашылған тұңғыш мектеп (қашан және кім ашты)

1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін тұңғыш мектеп ашылды. Ол архив құжаттарында училище деп жазылғанмен, халық аузында «Жәңгір мектебі» болып аталып кетті. Қарағайдан қиып салынған мектеп үйі Ордадағы еңселі ғимараттың бірі болған.

400

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы

Ы.Алтынсарин

500

Эссе жазушыға қажет ең керек дағды? Және ол дағдының басты құралы, әдісі қандай (термин негізінде айтыңыз)?

Сыни ойлау қабілеті. Оның басты құралы - салыстыру, талдау, қорытындылау әдістері арқылы әртүрлі көзқарастарды мысалға келтіру (плюрализм)

500

Сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз:

- Бала күнімізде шешеміз наурыз басталса болды: "Жаңа жыл құтты болсын!" деп отырушы еді. Соны ел ұмытуға айналды. Жұрт 3 желтоқсанға үйреніп алды. Ақылмен ойлап қарасаң, 1 қаңтарда не жаңаруы мүмкін? - деді.

Үш жыл бұрын наурыз айының басында қалаға бара жаттым.

Түріне қарап еврей болу керек деп ойладым. 

Орысша сөйлегені болмаса, орыс та емес.

Сыпайы амандасып, жайғасқан соң, әңгімеге тарта бастады:

Ұзынағаштан шыға бергенде егде әйел қол көтерді. 

Қазақ емес. Тоқтап ала кеттім.

- Иә, расында, не жаңаруы мүмкін? Бәрі бәз қалпында. 22 наурыздай күн мен түн теңеліп, жаңа уақыттың санағы басталса бір жөн, - дедім.

Көзі ашық, мәдениетті адам екені көрініп тұр.



Үш жыл бұрын наурыз айының басында қалаға бара жаттым. Ұзынағаштан шыға бергенде егде әйел қол көтерді. Тоқтап ала кеттім. Қазақ емес. Орысша сөйлегені болмаса, орыс та емес. Түріне қарап еврей болу керек деп ойладым. Көзі ашық, мәдениетті адам екені көрініп тұр. Сыпайы амандасып, жайғасқан соң, әңгімеге тарта бастады:

- Бала күнімізде шешеміз наурыз басталса болды: "Жаңа жыл құтты болсын!" деп отырушы еді. Соны ел ұмытуға айналды. Жұрт 3 желтоқсанға үйреніп алды. Ақылмен ойлап қарасаң, 1 қаңтарда не жаңаруы мүмкін? - деді.

- Иә, расында, не жаңаруы мүмкін? Бәрі бәз қалпында. 22 наурыздай күн мен түн теңеліп, жаңа уақыттың санағы басталса бір жөн, - дедім.


500

Махамбеттің кез келген өлеңін жатқа, мәнерлеп оқып беріңіз.

Махамбеттің кез келген өлеңін жатқа, мәнерлеп оқып беріңіз.

500

Қарабас шешеннің айтуы бойынша үш арсыз, үш ғайып, бес жетім.

1. Ұйқы арсыз; 2. Күлкі арсыз; 3. Тамақ арсыз.

1. Қонақ ғайып; 2. Несібе ғайып; 3. Ажал ғайып.

1. Оты жоқ жер жетім; 2. Басшысы жоқ ел жетім; 3. Елінен ауған ер жетім; 4. Тыңдаусыз сөз жетім; 5. Жоқтаусыз қыз жетім.

500

Өзіңізді бір сәт теледидар дикторымын деп ойлаңыз (келесі мәтінді дикторларша оқыңыз, екі мүмкіндігіңіз ғана бар):

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзагвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-Министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрденемен келіссөздер жүргізді. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэг қарсы алды. 

Өзіңізді бір сәт теледидар дикторымын деп ойлаңыз (келесі мәтінді дикторларша оқыңыз, екі мүмкіндігіңіз ғана бар):

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзагвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-Министр Лувсаннамсрейн Оюун-Эрденемен келіссөздер жүргізді. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэг қарсы алды.