Наурыз
Атақты тұлғалар
Тарихи деректер
Логика
100

Наурыз көжедегі «жеті» санының символдық мәні қандай?

Жеті қазына, жеті ырыс, толықтық пен молшылықты білдіреді

100

Қазақ хандығын құрған хандар кімдер?

Керей мен Жәнібек хандар

100

Теңге айналымға қай жылы енгізілді?

1993 жыл

100

Қай сөз әрқашан қате жазылады?

қате

200

Наурыз мерекесі неге тек ұлттық емес, халықаралық мереке болып саналады?

Оны көптеген елдер (Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан т.б.) атап өтеді

200

«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған хан кім? 

Тәуке хан

200

Қазақстан жерінде болған ірі тарихи оқиғалардың бірі – Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

1986 жыл 

200

Электровоздың түтіні батысқа қарай
созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай
жүріп жатыр?

Электровозда түтін болмайды

300

Неліктен Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» деп аталады?

Жыл басы, ең маңызды күн болғандықтан

300

«Алаш» қозғалысының жетекшісі кім?

Әлихан Бөкейхан

300

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі қайсы?

Түркия 

300


Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?

алма ағашында

400

Наурыз мерекесі астрономиялық тұрғыдан нені білдіреді?

Күн мен түн теңелуі

400

Қазақтың әйгілі палуаны, әлем чемпионы кім?

Қажымұқан Мұңайтпасов

400

Қазақстандағы ең ірі тарихи сынақтардың бірі – Семей ядролық полигонының жабылуы қай жылы болды?

1991 жыл

400

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

өмір,уақыт

500

Ежелгі халықтар Наурызды неге ерекше қасиетті санаған?

Табиғаттың қайта тірілуі

500

Қазақтың алғашқы кәсіби мұғалімдерінің бірі, ағартушы кім?

Ыбырай Алтынсарин

500

Қазақстан аумағында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі – сақтардың әйгілі «Алтын адамы» қай жерден табылды

Есік қорғаны

500

Бір бөлмеде 9 майшам (свеча) жанып тұр, үшеуін
сөндірсек нешеуі қалады?

үшеу