Бір өлшемді массив дегеніміз не?
Бір өлшемді массив – бір типті мәліметтерден тұратын, индекс арқылы нөмірленетін элементтер жиыны.
Массивтің ұзындығын қалай анықтаймыз?
len() функциясы арқылы.
Массив элементтерінің индексі қай саннан басталады?
0-ден
Массивтегі белгілі бір элементтің орнын қалай табамыз?
Index() әдісі арқылы
Массивті экранға толық шығару үшін не қолданамыз?
Print() функциясын
Бір өлшемді массивтерде деректерді енгізу үшін қай оператор қолданылады?
Input()
Бір өлшемді массивте деректерді шығару үшін қай оператор қолданылады?
Output()
Массивтің ең үлкен элементін қалай табамыз?
Max() арқылы
Массивтің ең кіші элементін қалай табамыз?
Min() арқылы
Массивтегі барлық элемент бірдей болса, max() пен min() бірдей мәнді көрсетеді ме?
Иә
Егер массив бос болса, оның ұзындығы неге тең?
0
Массив элементтерін шарт бойынша қалай таңдаймыз?
If шарты арқылы
Массивтегі жұп элементтерді қалай анықтауға болады?
Элементті 2-ге бөліп, қалдығын тексеру арқылы (% 2 == 0).
Массивтің ұзындығы 5 болса, соңғы элементтің индексі қандай?
4
Массивтің ұзындығы 0 болса, оған жаңа элемент қосуға бола ма?
Иә, бірінші қосылған элементтің индексі 0 болады.
Массивтің индексі неге қажет?
Әр элементтің орнын анықтау үшін қажет. Индекс арқылы біз нақты элементті таңдай аламыз.
Массив элементтерінің типі бірдей болу керек пе? Неге?
Иә, өйткені массив бір типті мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл өңдеуді жеңілдетеді.
Массивтегі элементтердің реті өзгерсе, max() немесе min() мәндері өзгереді ме?
Жоқ, олар тек мәндерге тәуелді, реттікке емес.
Массив элементтерінің индексі 0-ден басталса, егер массивтің ұзындығы 10 болса, соңғы элементтің индексі қандай?
9
Массив элементтерін кему немесе өсу ретімен сұрыптау олардың мәндерін өзгертеді ме?
Жоқ тек ретін өзгертеді
a = [10, 20, 30, 40]
Массивтің екінші элементін тап.
20
a = [2, 6, 1, 6, 9]
6 санының алғашқы индексін тап.
1
a = [5, 8, 12, 3, 7, 8]
Массивтегі ең үлкен элементтің индексін тап.
Ең үлкен элемент = 12
Индексі = 2
a = [1, 2, 3, 4, 5, 6]
Массивтің орташа мәнін есепте.
Қосынды = 21, элемент саны = 6
Орташа мән = 3.5
a = [15, 7, 20, 9, 5]
Массивтегі ең кіші элементтің индексін тап.
Ең кіші = 5
Индексі = 4