1-баған
2-баған
100

Пікір алмасу (дискуссия) дегеніміз не?

Пікір алмасу – көкейкесті мәселелерді шешу мақсатында құрылатын, біліктілік пен мәдени ережені талап ететін пікірталас түрі.

100

Пікір алмасу қай жерлерде өткізіледі?

Митинг, арнайы комиссия отырысы, іскерлік жиындар, басқосулар сияқты орындарда өткізіледі.

200

Пікір алмасудың негізгі мақсаты қандай?

 Ой-пікірді ортаға салып, мәселенің ортақ шешімін табу.

200

Пікір алмасудың ерекшелігі неде?

Тақырып алдын ала белгіленеді, баяндамашы болмайды және пікір айтуға қатысушылардың барлығы құқылы.

300

Пікір алмасу кезінде айтылар ойлар қалай жүзеге асады?

Айтылар ойлар топтаса отырып, пікірталасқа қатысушылардың ортақ шешімге келуі мақсатында жүргізіледі.

300

Пікір алмасу қалай жүргізіледі?

Алдын ала белгіленген тәртіп пен регламент бойынша, арнайы белгіленген төрағаның басқаруымен жүргізіледі.

400

Пікір алмасуда қатысушылардың құқығы қандай?

 Қатысушылардың бәрі өз пікірін білдіруге тең құқықты.

400

Пікір алмасу мәдениетіне қандай талаптар жатады?

Тақырыптан ауытқымау, ойды нақты жеткізу, біреудің сөзін бөлмеу, тыңдай білу, дауыс көтермеу, өзгені сыйлау және жеке мүддені көздемеу.