Жүйке жүйесінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы темперамент типтерін қалай анықтайды?
Күші – психикалық төзімділікті, тепе-теңдігі – қозу мен тежелудің үйлесімін, қозғалғыштығы – реакция жылдамдығын анықтайды.
Оқушы белсенді, бірақ сынға өте сезімтал және ашуланшақ. Қандай аралас тип болуы мүмкін?
Холерик-меланхолик.
Мінездің еріктік компоненті тұлғаның қай қырын көрсетеді?
Мақсатқа жетудегі табандылық пен өзін-өзі бақылауды.
Темпераментті диагностикалауда бақылау әдісінің шектеулілігі неде?
Субъективтілік және ситуацияға тәуелділік.
Темперамент тағдырды анықтайды» пікірін дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз.
Жоққа шығаруға болады, себебі әлеуметтік орта мен ерік маңызды рөл атқарады.
Темпераментті мінезден толық ажырату неге мүмкін емес?
Себебі темперамент мінездің динамикалық негізі болып, мінез көрінісінің формасын анықтайды.
Студент көпшілік алдында еркін сөйлейді, бірақ ұзақ мерзімді жобада тұрақсыздық танытады. Бұл қай темпераменттің әлсіз жағы?
Сангвиниктің тұрақсыздығы.
Акцентуация ұғымы мінезден қалай ерекшеленеді?
Акцентуация – мінездің шектен тыс айқын көрінуі.
Бір адамның әр ортада әртүрлі мінез көрсетуін қалай түсіндіруге болады?
Рөлдік мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделу арқылы.
Барлық холериктер жақсы көшбасшы бола ма? Неге?
Жоқ, себебі эмоциялық тұрақсыздық кедергі келтіруі мүмкін.
Бір адамда екі темперамент белгілері қатар байқалуы ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіріледі?
Көп адамдарда аралас тип кездеседі, себебі таза типтер сирек болады.
Қызметкер баяу, бірақ жұмысты өте сапалы орындайды. Қандай тип және оның кәсіби артықшылығы қандай?
Флегматик; тұрақтылық пен дәлдік.
Қыңырлық пен табандылықтың психологиялық айырмашылығы неде?
Табандылық – саналы мақсатқа бағытталған, қыңырлық – негізсіз қарсылық.
Стресс жағдайында темпераменттің қай компоненті айқын көрінеді?
Жүйке жүйесінің күші мен тепе-теңдігі.
Мінез толық өзгеруі мүмкін бе?
Толық емес, бірақ тәрбие мен тәжірибе арқылы түзетіледі.
Темпераментті ескермей жүргізілген тәрбиенің ұзақ мерзімді психологиялық салдары қандай болуы мүмкін?
Ішкі қақтығыс, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, невротизация
Екі холерик бір топта жұмыс істесе, қандай психологиялық қиындықтар тууы мүмкін?
Бәсекелестік, қақтығыс, лидерлік үшін күрес.
Жоғары эмпатия әрдайым тұлға үшін жағымды қасиет пе? Неге?
Жоқ, шамадан тыс эмпатия эмоционалдық шаршауға әкелуі мүмкін.
Холериктің көшбасшылық қабілеті қандай жағдайда тиімсіз болуы мүмкін?
Ұжымдық үйлесімділік пен сабыр талап етілетін жағдайда
Темпераментті ескеру инклюзивті білім беруде не үшін маңызды?
Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді.
Темперамент биологиялық негізге ие болса, тұлғалық даму барысында әлеуметтік орта оның көрінісін қалай трансформациялайды?
Орта мінезді қалыптастырып, темпераменттің сыртқы көрінісін реттейді, бірақ биологиялық негіз өзгермейді.
Меланхолик оқушы үнемі жоғары талап қойылатын ортада оқиды. Ұзақ мерзімді нәтижесі қандай болуы мүмкін?
Эмоционалдық шаршау, күйзеліс, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі
Мінездің әлеуметтік бақылау механизмі қалай іске асады?
Қоғам нормалары, құндылықтар және кері байланыс арқылы.
Темпераментке негізделген кәсіби бағдар берудің артықшылығы мен шектеуі қандай?
Артықшылығы – табиғи қабілетті ескеру; шектеуі – тұлғаны типке шектеп қою қаупі.
Егер адам өз темпераментін білсе, бұл оның өзін-өзі реттеу қабілетіне қалай әсер етеді?
Өзін түсіну артып, эмоцияны басқару тиімді болады.