Бейсеннің өмір жолы
Болмыс және экзистенция
Тағдыр және өмір мәні
Психология және философия
Рухани құндылықтар
100

Кітапта сөз болатын Бейсен Құранбек кім болған?

Бейсен Құранбек – қазақ журналисті, тележүргізуші, «Айтуға оңай» бағдарламасы арқылы танылған тұлға.

100

Экзистенция ұғымы нені білдіреді?

Ішкі болмыстың сыртқы әрекет арқылы көрінуі.

100

Автор тағдыр ұғымын қалай түсіндіреді?

Адамның ерік-қалауы өзгерте алмайтын тәуелсіз, өзгермейтін аймақ.

100

Кітаптың негізгі теориялық тірегі болған психологиялық бағыт қалай аталады?

Логотерапия

100

Кітапта Бейсеннің бойында болған қандай рухани қасиеттер аталады? Кем дегенде үшеуін атаңыз.

Жауапкершілік, махаббат, еркіндік, ар-ұят, мейірім, сабыр, ақыл-парасат, қайсарлық, тәубе. Кемінде үшеуі.

200

Бейсен Құранбек қай жылы және қай жерде дүниеге келген?

1971 жылы Алматы облысындағы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

200

Жан Сартрдың «Экзистенция эссенцияның алдында жүреді» деген тұжырымының негізгі мағынасы қандай?

Адам дайын тұлға болып дүниеге келмейді. Ол өзінің таңдауы мен әрекеті арқылы кім екенін қалыптастырады.

200

Адамның тағдырға қарсы тұруындағы басты күштердің бірі қандай?

Адамның ерік-жігері.

200

Виктор Франкл адамның өмірге деген құштарлығын қандай ұмтылыспен байланыстырады?

Мәнге ұмтылыс (The Will to Meaning).

200

Бейсеннің қызметтік мансабында жақсы лауазымдарға мүмкіндік болғанымен, ол қандай таңдау жасаған?

Ол билік пен жоғары қызметке ұмтылмай, адамшылық мәртебесін жоғары қойған.

300

Бейсеннің әкесі кім болған және ол кімнің тәрбиесінде өскен?

Әкесі – Абай. Атасы Жанысбек пен әжесі Шәкәрбанудың тәрбиесінде өскен.

300

Автор экзистенцияны түсіндіру үшін қандай мысал келтіреді? Қарлығаштың әрекеті нені білдіреді?

Ыбырайым пайғамбарды оттан құтқаруға тырысқан қарлығаш мысалы. Ол нәтижеге жете алмаса да, ниетін ісімен дәлелдейді.

300

Кітапта адамның өткен өмірін қайта саралап, оқиғаларды мағынасына қарай байланыстыру қандай мақсатта түсіндіріледі?

Өмірдегі оқиғалардан мағына тауып, өткенді саралау және өмір жолын тұтас түсіну.

300

Зигмунд Фрейд адамның мінез-құлқы мен өмірге ұмтылысын қандай негізгі принциппен түсіндірді?

Рақаттану принципі. Фрейд адамның әрекетін негізінен құмарлық пен ләззатқа ұмтылумен байланыстырған.

300

Адамның болмысын тек сөзі мен ниеті емес, іс-әрекеті арқылы тануға болатынын кітаптағы қай мысал дәлелдейді?

Қарлығаштың әрекеті немесе Бейсеннің мансаптық ұсыныстардан бас тартуы.

400

Бейсеннің жеті атасы туралы қандай мәлімет айтылады? Олардың шыққан руы қандай?

Жеті атасы да молда болған. Руы – Қаңлы, Қара қаңлы ішіндегі Оңбай, Бадырақ тармағы.

400

Адам дүниеге келген сәтте оның болмысы толық қалыптасып қойған ба? Кітаптағы түсінік бойынша болмыс қалай ашылады?

Жоқ. Адамның болмысы уақыт ішінде ерік-жігері, таңдауы және іс-әрекеті арқылы ашылады.

400

Автор тағдыр мен адамның ерік-жігерінің арасындағы күресті қалай сипаттайды? Бұл күресте жеңу маңызды ма, әлде басқа нәрсе ме?

Тағдыр мен ерік-жігердің күресі. Ең маңыздысы – күрестен қашпау, не үшін және кім үшін күресіп жүргеніңді түсіну.

400

Альфред Адлердің пікірінше, адамды алға жетелейтін негізгі мотивация қандай?

Қоғамда мойындалуға, мәртебеге жетуге және өзгелерден озық болуға ұмтылыс.

400

Автордың түсінігінде адам қандай жағдайда өзінің болмысын жоғалтпай, оны уақыт ішінде сақтап, дамыта алады?

Ізгі амалдарды жүзеге асырып, өз құндылықтарын қорғап, сол жолда әрекет еткенде.

500

Автор Бейсеннің өмірін жай ғана журналистің өмірбаяны ретінде емес, неліктен адам болмысының қалыптасу жолы ретінде қарастырады?

Өйткені автор оның өмірлік шешімдері, әрекеттері мен құндылықтары арқылы адамның болмысы қалай қалыптасатынын көрсетеді.

500

Автордың пікірінше, адамның ішкі ниеті нақты әрекетке айналмаса, оның болмысын толық танып-білуге бола ма? Неліктен?

Жоқ. Ниет нақты әрекетпен көрінгенде ғана адамның ішкі қасиетін сырттай тануға мүмкіндік туады.

500

Неліктен автор өмірдің мәнін адамның әлеуметтік жетістігімен немесе мансабымен ғана өлшеуге болмайды деп көрсетеді?

Өйткені адамның шынайы құндылығы атақта, билікте немесе мансапта ғана емес, моральдық ұстанымында, ізгі істері мен өмірінің мәнінде.

500

Фрейд, Адлер және Франкл теорияларының арасындағы негізгі айырмашылықтарды түсіндіріңіз. Автор неліктен Бейсеннің болмысын түсіндіруде Франклдің көзқарасына көбірек сүйенеді?

Фрейд – рақаттану мен құмарлыққа, Адлер – әлеуметтік мәртебеге, Франкл – өмірдің мәніне ұмтылуға басымдық береді. Бейсеннің өмірін түсіндіру үшін Франкл теориясы маңызды, себебі ол мансаптан жоғары адамшылық мәнді таңдаған.

500

«Мағынамен сүрілген мәнді өмір тағы бір мағыналы тіршіліктің өмірге келуіне түрткі болуы тиіс» деген ойды Бейсеннің өмірімен байланыстырып түсіндіріңіз.

Бейсеннің ізгі істері мен адамдық қасиеттері өзі өмірден өткеннен кейін де адамдарға үлгі болып, олардың өміріне мағына беріп отыр. Оның өмірі басқа адамдардың жақсы өзгерістеріне себеп болады.