Ақиқат / Жалған
Терминдер
Ғалымдар
Ашық сұрақтар
100

Эксперименттік жұмыс – педагогикалық құбылыстар мен процестерді арнайы ұйымдастырылған жағдайда зерттеу әдісі.
 

Ақиқат

100

Эксперимент

Педагогикалық құбылыстар мен процестерді арнайы ұйымдастырылған жағдайда зерттеу әдісі.

100

Ғылыми эксперименттің ғылымдағы жүйелі әдіске айналуына кім үлкен ықпал етті?


Фрэнсис Бэкон.

100

Эксперименттік жұмыстың педагогикалық зерттеудегі негізгі мақсаты қандай?


Оқыту мен тәрбиедегі белгілі бір әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу.

200

Эксперимент кезінде зерттеуші педагогикалық процеске мүлдем араласпайды.
 

Жалған

200

Модификациялық шығармашылық

Бар педагогикалық әдісті сақтай отырып, оны белгілі жағдайға бейімдеу, өзгерту немесе жетілдіру.

200

1879 жылы Лейпцигте алғашқы эксперименттік психология зертханасын ұйымдастырған кім?

 

Вильгельм Вундт.

200

Педагогикалық эксперименттің негізгі мүмкіндіктерін атаңыз.


Жаңа оқыту әдістерінің тиімділігін тексеру, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, өзгерістерді бақылау және өлшеу, нәтижелерді салыстыру, гипотезаны тәжірибе арқылы тексеру және тиімді тәжірибені білім беру ұйымдарына енгізу.

300

Педагогикалық эксперименттің негізгі мақсаты – оқыту мен тәрбиедегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.
 

Ақиқат.

300

Эксперименталды жұмыс

Ғылыми болжамды немесе педагогикалық жаңалықты тәжірибеде тексеруге бағытталған жоспарлы, жүйелі және құжатталған практикалық-зерттеу жұмыстарының жиынтығы.

300

В.В. Давыдов кіммен бірге эксперименттік зерттеулер жүргізді?


Д.Б. Эльконинмен бірге. Олардың зерттеулері негізінде Эльконин–Давыдов дамыта оқыту жүйесі қалыптасты.

300

Педагогикалық эксперименттің қарапайым бақылаудан айырмашылығы неде?


Бақылау кезінде зерттеуші құбылысты бақылайды, ал экспериментте зерттеуші педагогикалық процеске белсенді араласып, жаңа әдіс-тәсілдер немесе жағдайлар енгізеді.

400

Эксперименталды алаң міндетті түрде арнайы зертхана болуы керек.
 

Жалған.

400

Констатациялаушы эксперимент

Зерттеудің бастапқы деңгейін анықтауға бағытталған диагностика.

400

В.В. Давыдовтың педагогикалық экспериментке қосқан үлесі қандай?


Ол педагогикалық экспериментті жаңа оқыту жүйесін жобалау және оның даму әсерін зерттеу құралы ретінде қарастырды. Сонымен қатар жағдайларды өзгерту, вариациялау және факторларды комбинациялау әрекеттерінің маңызын көрсетті.

400

Эксперименталды іс-әрекетке қандай әрекеттер кіреді?


Проблеманы анықтау, мақсат белгілеу, гипотеза жасау, жоспар құру, объект пен субъектіні анықтау, бастапқы диагностика, эксперименттік ықпал ету, бақылау, деректерді жинау, өңдеу, салыстыру және қорытынды жасау.