Модельдеу
STEM технологиясы
Биология және зерттеу әдістері
Биологияның қызықты фактілері
10

Модель дегеніміз не?

Нақты объектінің, үдерістің немесе құбылыстың маңызды қасиеттерін көрсететін үлгі

10

STEM аббревиатурасындағы төрт бағытты атаңыз

Science — ғылым, Technology — технология, Engineering — инженерия, Mathematics — математика.

10

Биология нені зерттейді?

Тірі ағзаларды, олардың құрылысын, тіршілік әрекеттерін және қоршаған ортамен байланысын.

10

Адам ағзасындағы ең үлкен мүшені атаңыз

Тері

20

Модельдеудің негізгі үш түрін атаңыз

Материалдық, графикалық және компьютерлік-математикалық модельдеу

20

STEM оқытуының басты ерекшелігі қандай?

Бірнеше пәнді біріктіріп, нақты мәселелерді зерттеу және практикалық шешімдер ұсыну

20

Гипотеза дегеніміз не?

Зерттеу барысында тексерілетін ғылыми болжам.

20

Қай органоид жасушаның «энергетикалық станциясы» деп аталады?

Митохондрия

30

Биология сабағында жасушаның 3D моделін қолданудың қандай артықшылығы бар?

Жасушаның құрылымын, органоидтардың орналасуын және олардың ерекшеліктерін көрнекі түсінуге көмектеседі.

30

Биология сабағында STEM технологиясын қолдануға бір мысал келтіріңіз.

Еркін жауап

30

Эксперимент пен бақылаудың айырмашылығы қандай?

Бақылауда құбылыс туралы мәлімет жиналады, ал экспериментте белгілі бір фактор әдейі өзгертіліп, оның әсері зерттеледі.

30

Неліктен сегізаяқтың қаны көк түсті?

Оның қанында оттегін тасымалдауға қатысатын мыс бар гемоцианин ақуызы болады. Оттегімен байланысқан кезде ол көкшіл түс береді.

40

Биология сабағында бір құбылысты түсіндіру үшін екі түрлі модель жасалды. Біріншісі құбылыстың сыртқы құрылысын көрсетеді, ал екіншісі оның қалай жүретінін және себеп-салдарын түсіндіреді. Қай модель оқушының терең түсінуіне көбірек көмектеседі және неліктен?  

Екінші модель, себебі ол құбылыстың құрылысын ғана емес, жүру механизмін, себеп-салдарлық байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді.

40

STEM жобасында инженерия мен математиканың өзара байланысы қалай көрінеді?

Инженерияда құрылғы жобаланады, ал математика өлшеу, есептеу, нәтижелерді салыстыру және тиімділікті бағалау үшін қолданылады.

40

Өсімдіктің өсуіне тыңайтқыштың әсерін зерттегенде қандай үш шартты ескеру қажет?

Өсімдік түрін, жарық пен су мөлшерін бірдей ұстау және тыңайтқыш мөлшерін өзгерту. Сондай-ақ бақылау тобын ұйымдастыру қажет.

40

Қай жануар денесінің жоғалған бөлігін, тіпті жүрегінің кейбір бөліктерін де қайта қалпына келтіре алады?

Аксолотль

50

Оқушылар өсімдіктің өсуіне жарықтың әсерін зерттейді. Осы зерттеуге қандай модель құруға болады және оның көмегімен нені анықтауға болады?

Өсімдіктің өсу көрсеткіштері мен жарық мөлшері арасындағы байланысты көрсететін графиктік немесе математикалық модель құруға болады. Ол жарықтың өсуге әсерін анықтауға көмектеседі.

50

Оқушылар суды үнемдеуге арналған автоматты суару жүйесін жасауы керек. Бұл жобада STEM-нің төрт компоненті қалай жүзеге асады?

  • Science: өсімдіктің суға қажеттілігін зерттеу.
  • Technology: датчиктер мен электрондық құрылғыларды пайдалану.
  • Engineering: суару жүйесін жобалау және құрастыру.
  • Mathematics: су шығынын есептеу, нәтижелерді салыстыру.
50

Эксперимент нәтижесі бастапқы гипотезаны растамаса, зерттеуші не істеуі керек?

Еркін жауап

50

Кейбір саңырауқұлақтар ормандағы ағаштардың бір-бірімен қоректік заттар алмасуына көмектесе алады. Бұл байланыс қалай жүзеге асады?

Саңырауқұлақтардың жерасты жіпшумақтары (мицелийі), әсіресе ағаш тамырларымен түзетін микориза байланысы арқылы. Бұл байланыс кейбір өсімдіктер арасында қоректік заттар мен сигналдардың алмасуына ықпал етуі мүмкін.