Адам жүрегі неше камерадан тұрады және олар қалай аталады?
4 камера — 2 жүрекше, 2 қарынша
Қан айналымын реттейтін негізгі мүше?
жүрек
Тұқымқуалаушылықтың негізгі бірлігі?
ген
Жасушаның басқару орталығы?
ядро
Эволюция теориясының авторы кім?
Чарльз Дарвин
Адам омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?
5 бөлімнен (мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ)
Ас қорыту қай жерде басталады?
ауыз қуысында
ДНҚ молекуласындағы қант түрі?
дезоксирибоза
Энергия түзетін органоид?
митохондрия
Эволюцияның негізгі қозғаушы күші?
табиғи сұрыпталу
Қан түзілетін негізгі мүше қайсы?
қызыл сүйек кемігі
Жүйке импульстері қай жасуша арқылы беріледі?
нейрон
Бір белгінің әртүрлі көріну формасы?
аллель
Өсімдік жасушасына ғана тән органоид?
хлоропласт
Бір түрдің ұзақ уақыт ішінде өзгеруі қалай аталады?
эволюция
Қай сүйектер жалпақ сүйектерге жатады?
жауырын, қабырға, төстік
Қан құрамындағы оттегін тасымалдайтын зат?
гемоглобин
Ата-анадан ұрпаққа берілетін қасиет қалай аталады?
тұқымқуалаушылық
Жасушаның сыртқы қабығы қалай аталады?
мембрана
Ортаға бейімделу қалай аталады?
адаптация
Адам ағзасындағы ең кіші сүйек қай жерде орналасқан?
ортаңғы құлақта (үзеңгі сүйек)
Зат алмасудың ғылыми атауы?
метаболизм
Генетиканың негізін қалаған ғалым?
Грегор Мендель
Нәруыз синтезі жүретін орын?
рибосома
Ең көне тіршілік иелері қайлар?
бактериялар