Бұл – Шағбан айының нешінші түні?
он бесінші
"Ләйләтуль Бараат" мағынасы қандай?
оттан құтылу түні
Сөйлемді толықтыр: "Шағбан айының ортасы болғанда түнін ______ , күндізін ______ өткізіңдер!"
"Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да" кім айтты?
Пайғамбарымыз
ТОЛЫҚТЫР:
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызға: «Бұл түнде не болатынын білесің бе?» – деді. Айша анамыз (одан Алла разы болсын): «Уа, Алла елшісі! Бұл түнде не болады?» – деді. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда адам балаларының ___________ және ___________ жазылады. Онда олардың ___________ (Алланың құзырына) көтеріліп, ___________ (пенделеріне) түседі (белгіленеді)», – деді
осы жылда туылатыны, осы жылы дүниеден өтетіндері
амалдары, ризықтары
Бараат түнін немесе басқа да 4 түрлі қасиетті түндерді құлшылықпен ояу өткізу – мұстахаб. Сондықтан мұндай істерді жалғыз өткізген жақсырақ. Неге?
Хасан ибн Аммар Шурунбуләли (оны Алла рахмет етсін) бұл туралы: «Жоғарыда айтылған және басқа да қасиетті түндерді арнайы ғибадатпен өткізу мақсатында мешітке жиналу – мәкруһ. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да, сахабалар да олай істемеген», – деп айтқан.
Бараат түнінде қай намаздарды жамағат қылып оқыған
Құптан мен таң намазын жамағат болып оқу.
Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе, __________________ .
Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – _____, ____, ____, ____, ____ түндері», – деген. Ол қандай түндер?
Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші
Бараат түнінде жасалатын 4 маңызды құлшылық
Құран оқу, нәпіл намаздар оқу, зікір, күндіз ораза ұстау
хадисте: «Алла елшісінің Шағбан айында ұстағандай көп ораза ұстағанын (басқа айда) көрмедім», – деген. Бұл хадисті кім жеткізді?
Айша анамыз
Усама бин Зәйдтен (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шағбан Ережеп пен Рамазан айларының арасындағы адамдар бұдан ғапыл болып жататын ай. Бұл айда амалдар Алла Тағалаға көтеріледі. Мен амалымның ____________ көтерілуін қалаймын», – деген. Қандай хәлінде?
ораза ұстаған хәлімде
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түні мұсылман ______ байланысын үзгендер, өзін ______ және ______ қарсы шыққандар кешірілмейді», – деген (Бәйһақи).
туысымен, жоғары санағандар,ата-анасына
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «______________________________________________________», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді»
Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін
Бір рияуаттарда былай дейді: - хайызы келген әйел әр намаздың уақытында70 мәрте истиғфар айтса, қанша рәкағат намаздың сауабы жазылады?
мың