Адам ағзасында қан айналымның неше шеңбері бар?
Адам ағзасында қан айналымның екі шеңбері бар
Қанның сұйық бөлігі қалай аталады?
Қанның сұйық бөлігі плазма деп аталады.
Қан айналым жүйесінің негізгі мүшесі қандай?
Қан айналым жүйесінің негізгі мүшесі — жүрек.
Үлкен қан айналым шеңбері қай жерден басталып, қайда аяқталады?
Үлкен қан айналым сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жүрекшеде аяқталады.
1 мм³ қанда эритроциттердің орташа саны қанша?
4-5 миллион эритроцит болады.
Қан түзілетін негізгі мүше қалай аталады?
Қан қызыл сүйек кемігінде түзіледі.
Кіші қан айналым шеңберінің негізгі қызметі қандай?
Қанды оттекпен қанықтыру және көмірқышқыл газын шығару.
Эритроциттердің орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?
Эритроциттер шамамен 120 күн өмір сүреді.
Көкбауырдың негізгі қызметі қандай?
Ескі эритроциттерді ыдырату және қанды тазалау.
Артерияның негізгі қызметі қандай?
Қанды жүректен мүшелерге тасымалдау.
Лейкоциттердің негізгі қызметі қандай?
Ағзаны инфекциялардан қорғау, иммундық қызмет атқару.
Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?
Иммундық қорғанысқа қатысады
Капиллярлар не үшін қажет?
Газ және зат алмасуды қамтамасыз ету үшін.
Тромбоциттердің негізгі қызметі қандай?
Қан ұюын қамтамасыз ету.
Жасушаларға қан тасыйтын тамыр
капиляр