Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Екіге: дара сөз, күрделі сөз
Сөз таптарын ата
Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді:
Еліктеу сөздің түрлері
Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер
Жалғаудың түрлерін ата
көптік,септік,жіктік,тәуелдік
Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
Нешінші?
Еліктеуіш сөздер дегеніміз не?
есту қабілеті арқылы туындаған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс
"Биыл" сөзінің жасалу жолы
біріккен сөз (бұл+жыл)
Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімге мысал келтір
сапалық сын есім: қызыл, ащылау
қатыстық сын есім: өнерлі, иманды
Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не?
көру қабілеті арқылы сипаттайтын бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, маң-маң,лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.
жіктік жалғауларын ата
Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есім жаса
100,70
жүзге жуық, жүздеген, жүз шақты;
жетпістей, жетпіске тарта, жетпістерде.
Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді ажырат
маң-маң, тарс-тұрс, сарт-сұрт, жалт, пыр-пыр, селк
Еліктеуіш сөздер: тарс-тұрс,сарт-сұрт,пыр-пыр
Бейнелеуіш сөздер:маң-маң,жалт, селк
Қайталама қос сөз бен қосарлама қос сөздің айырмашылығы
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. (тау-тау, қып-қызыл)
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер деп атайды. (ата-ана, қысы-жазы)
Берілген есім сөздерді етістікке айналдыр:
әсем, алаң, көмек
әсемде, алаңдау, көмектес
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулық шылауларды ата
бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.