Адам денесінің неше пайызы судан тұрады?
Жауап: 65–70%
Холера қоздырғышы?
Жауап: Vibrio cholerae
Ауыз судың құрғақ қалдығының нормативі
Жауап: 1000 мг/л
Нитраттар әсіресе қай жаста қауіпті?
Жауап: Емізулі балаларға
Ауыз су қандай 3 талапқа сай болуы тиіс?
Жауап: Эпидемиологиялық қауіпсіз, химиялық зиянсыз, органолептикалық жағымды
Ересек адам тәулігіне шамамен қанша су жоғалтады?
Жауап: 2,5–3 литр
Судан таралатын вирустық инфекцияларды ата
Жауап: Вирусты гепатит, энтеровирус, аденовирус
Суда 350 мг/л жоғары болғанда ащы дәм беретін ион
Жауап: Хлоридтер
Метгемоглобинемия кезінде қандай белгі пайда болады?
Жауап: Цианоз
Судың ластануының 3 түрі
Жауап: Биологиялық, химиялық, физикалық
Су организмде қандай негізгі 3 қызмет атқарады?
Жауап: Еріткіш, жылу реттеу, зат алмасуға қатысу
Судан эпидемия шығу үшін неше шарт қажет?
Жауап: 3 шарт
500 мг/л жоғары концентрацияда іш жүргізетін әсер береді
Жауап: Сульфаттар
Суда фтор артық болса қандай ауру дамиды?
Жауап: Тіс флюорозы
Қазақстанда су қатынастарын реттейтін құжат
Жауап: Қазақстан Республикасының Су кодексі
Қан құрамының неше пайызы су?
Жауап: 83%
Холера кезінде негізгі патогенетикалық синдром
Жауап: Сусыздану (дегидратация)
Судың кермектілігінің нормативі
Жауап: 7 мг/экв/л
Йод жетіспесе дамитын эндемиялық ауру
Жауап: Зоб
Судың сапасын бағалайтын негізгі зерттеу түрлері
Жауап: Санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық
Су-тұз алмасуы бұзылса қандай өзгерістер дамиды?
Жауап: Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылады, жүрек-қантамыр жұмысы нашарлайды
Су арқылы таралатын антропонозды аса қауіпті инфекция
Жауап: Холера
Нитраттар қандай ауру тудырады?
Жауап: Су-нитраттық метгемоглобинемия
Нашар сумен қамту салдарынан жылына қанша адам инфекцияға шалдығады?
Жауап: 500 млн дейін
Су арқылы таралатын аса қауіпті ішек инфекциясы жылына қанша адамды зақымдайды?
Жауап: 3–5 млн адам