Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталды?
Жеті жарғы
«Ақтабан шұбырынды» қай жылы басталды?
1723 жыл
Қазақ хандығының астанасы Тәуке хан тұсында қасиетті қалада орналасты.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Түркістан
Абылай хан жерленген қала?
Түркістан
Абылай хан ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?
1771 жыл
1710 жылы үш жүз өкілдері жоңғарларға қарсы бас қосқан жер?
Қарақұм
1731 жылы Кіші жүз Ресейге ант берді. Негізгі мақсаты қандай болды?
Жоңғарларға қарсы әскери қолдау табу
1822 жылғы «Сібір қазақтарының жарғысын» дайындаған кім?
М. Сперанский
1858–1859 жылдары қазақ ғалымы Қашғарияға құпия сапар жасап, әлемге танылды.
Сұрақ: Бұл кім?
Шоқан Уәлиханов
1867–1868 жж. реформаны бекіткен патша?
ІІ Александр
1728 жылы жоңғарларға соққы берілгеннен кейін қазақ жасақтары бірлік мәселесін талқылау үшін оңтүстіктегі тауға жиналды.
Сұрақ: Бұл қай тау?
Ордабасы
Абылай Ресей мен Қытай билігін формалды түрде мойындады. Оның саяси мақсаты қандай болды?
Қазақ елінің дербестігін сақтау
1741–1742 жж. жоңғар шапқыншылығын басқарған қонтайшы?
Қалдан-Серен
1837–1838 жылдары Бөкей ордасында хан саясатына қарсы көтеріліс болды.
Сұрақ: Көтеріліс басшылары кімдер?
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
1906–1912 жылдары қазақтардан 17 млн десятина жер тартып алынуы қандай әлеуметтік салдарға әкелді?
Жер тапшылығы мен халық наразылығының күшеюіне
1891 жылғы «Ереже» бойынша құрылған генерал-губернаторлық және орталығы?
Дала генерал-губернаторлығы, орталығы Омбы
1841 жылы қазақ сұлтандары Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлады.
Сұрақ: Бұл қандай тарихи мақсатты көздеді?
Қазақ хандығын қалпына келтіру
1851 жылғы Ресей мен Қытай арасындағы келісім қалай аталды?
Құлжа келісімі
1867–1868 жж. реформадан кейін әскери және азаматтық билік генерал-губернатор қолына шоғырланды. Бұл нені білдіреді?
Отарлық басқарудың күшеюін
Пугачев көтерілісіне қатысқан Байбақты руының батыры?
Сырым Датұлы
1718–1720 жылдары Ертіс бойында салынған бекіністерді атаңыз.
Жәміш, Омбы, Железинск, Колбасинск
1860 жылы Ұзынағаш түбінде үш күндік шайқас болып, Қоқан әскері жеңілді.
Сұрақ: Орыс әскерін кім басқарды?
Колпаковский
Кенесары билер сотын жойып, хандық сот енгізді. Бұл қандай басқару жүйесін көрсетеді?
Орталықтандырылған хандық билік
1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» бойынша құрылған облыстар
Сырдария, Ферғана, Самарқан
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында жаңа үлгідегі зайырлы мектептер ашылып, ана тілінде арифметика, география сияқты пәндер оқытылды. Ағартушы арнайы оқулық жазып, қыздар мектебін ашты. Ол халықты білімге, еңбекке шақырып, мектеп ісін ұйымдастыруға тікелей атсалысты.
Ы. Алтынсарин