Фабрикаға кіруге мүмкіндік беретін шоколад сыртындағы қағаз қалай аталады?
Алтын билет
Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?
Бос ыдыстан
Бір таяқтың 2 ұшы бар. Екі таяқтың неше ұшы бар?
4 ұшы
Ұлыбританияның астанасы қай қала?
Лондон
Өтірікті шындай, шындықты құдайдай қылып айтатын ертегі кейіпкері кім?
Тазша бала
Фабрика иесінің есімі кім?
Вилли Вонка
Далада жаңбыр жауып тұр. Алдынан шыққан адамның шашы су болмады.
Ол тақырбас болған немесе қолшатыры болды
Дүкендегі алма 150 теңге тұрады. Егер сізде 1000 теңге болса, ең көп дегенде неше алма сатып ала аласыз?
6 алма
Жапонияның астанасы қалай аталады?
Токио
Қазақ ертегілеріндегі ең ақылды, айлакер кейіпкер?
Алдар Көсе
Фабрикада жұмыс істейтін кішкентай адамдар қалай аталады?
Умпа-Лумпалар
Қай жерде өзенде су жоқ, қалада үй жоқ, ал тауда ағаш жоқ?
Картада
Үш ат 30 км қашықтыққа шапты. Әр ат неше км шапты?
30 км
Италияның астанасы, әрі "Мәңгілік қала" деп аталатын қала?
Рим
Ер Төстіктің жүйрік атының аты қалай?
Шалқұйрық
Шоколад өзеніне құлап кеткен ең бірінші бала кім еді?
Огастус Глуп
Дастархан үстінде 3 қияр, 2 қызанақ және 4 алма жатыр. Дастарханда барлығы неше көкөніс бар?
5 көкөніс — 3 қияр және 2 қызанақ. Алма — жеміс
ССағат түнгі 12-де жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күн ашық, шуақты болуы мүмкін бе?
Жоқ, өйткені 72 сағаттан кейін қайтадан түн болады
Пирамидаларымен танымал Египет елінің астанасы қай қала?
Каир
Ертегілердегі өте жылдам жүгіретін, бір аттағанда таудан-тауға секіретін кейіпкер?
Желаяқ
Вилли Вонканың фабрикасында шоколадты қалай араластырады?
Сарқырамамен
Автобус жүргізушісі келе жатып, фарасын қоспады, жолда жарық жоқ және ай да көрінбейді. Бірақ ол алдынан өтіп бара жатқан қара мысықты көріп, тоқтап үлгерді. Ол мысықты қалай көрді?
Өйткені далада күн болатын, күндіз бәрі көрінеді
Бір санның жартысының жартысы — 5. Бұл қай сан?
20
Хафиза 1 жасында көшіп 3 ай тұрған қала қандай? Көрші елдің астанасы бұл.
Бішкек
«Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісінде батыр қызды іздеп бара жатқанда, жолда кездесіп, оған көмектесетін — құлағы жер тыңдайтын кейіпкер қалай аталады?
Саққұлақ