Осыдан 4 жыл бұрын Ержан мен оның қарындасының жастарының қосындысы 18 болса, қазір олардың жастарының қосындысы нешеге тең?
26
Жанардың жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан соң 154 болады. Ал 6 жылдан соң неше болады?
169
Әкесі 24 жаста, ұлы 5-те. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының жасынан 2 есе артық болады?
19
Анасы қызынан 8 есе үлкен. 4 жылдан кейін 4 есе үлкен болады. Қазір қызы нешеде?
3
Журналдың сол жағында 12-бет тұр. Барлығы 52 бет болса, сол парақтың оң жағындағы бет нөмірі неше?
41
Газет парағында 4 бет болады. Бір парағында 8 және 13 беттері бар. Газетте неше бет бар?
20
Газеттің 60 беті бар. Әрбір екі бетті ашқанда олардың нөмірлерінің қосындысы қандай сан болады?
61
Талғат 2 жаста. Ағасы Дәуір одан 5 есе үлкен. Талғат неше жасқа толғанда ағасынан 2 есе кіші болады?
8
Әкесі 50 жаста, ұлы 20 жаста. Бұдан неше жыл бұрын әкесі ұлынан 3 есе үлкен болды?
5
Әкем 31-де болғанда мен 8-де едім. Қазір әкем менің жасымнан 2 есе үлкен. Қазір мен нешедемін?
23
Амина 3 жаста. Апасы Назерке одан 3 есе үлкен. Назерке Аминадан 2 есе үлкен болған кезде Назерке нешеде болады?
12
Әкесі мен ұлының жастарының қосындысы 65. Әкесіне 25 жас болғанда ұлы туған. Әкесі мен ұлы нешеде?
A) 43, 22 B) 46, 19 C) 44, 21 D) 45, 20 E)47, 28
D) 45, 20
Атасы 58 жаста, баласы 32 жаста, немерелері 11 және 7 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы қалғандарының қосындысына тең болады?
4
Әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе үлкен. 7 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 74 болады. Әкесі қазір нешеде?
50
Отбасында 3 адам: әкесі, анасы, баласы. Баласы анасының жасынан 3 есе кем. Анасы әкесінен 6 жас кіші. 10 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең?
106
Әкесі 38 жаста, баласы 15-те, қызы 5-те. Қанша жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?
18
Ағасы Әлишерден 3 жас үлкен, інісі 3 жас кіші, кіші інісі 3 есе кіші, әкесі 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133. Әлишер нешеде?
21
Кітап бетін нөмірлеуге 372 цифр қолданылды. Кітапта неше бет бар?
160
Кітапты нөмірлеуге 640 цифр жұмсалды. Нөмірлеу 3-беттен басталады. Кітапта неше бет бар?
250
Бекзат туған күнін анасымен бірге атап өтеді. Қазір анасының жасы Бекзаттан 11 есе үлкен. 36 жылдан кейін анасының жасы ұлынан 2 есе үлкен болады. Бекзат қазір нешеде?
4