5 санының кубын есептеңіз
125
Табиғат дегеніміз не?
Адам қолымен жасалмаған барлық қоршаған орта
Теңізде қандай тастар болмайды?
Құрғақ тастар
1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандарды қалай атаймыз?
Жай сандар
Табиғаттың өлі бөліктеріне не жатады?
Су, ауа, топырақ, тас, күн, ай
Қандай үш санды қосқанда да,көбейткенде де бірдей сан шығады?
1,2,3
Кері сан деген не және кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең?
Көбейтіндісі бірге тең болатын сандарды кері сандар деп атаймыз
Ауаның қасиеттері
Түссіз, иіссіз, мөлдір
Жазылуында 7 әріп және 7цифр бар сан
Миллион немесе 1 000 000
Бөлшектің қандай түрлері бар және ережесін айтыңдар
Бөлшектің екі түрі бар: Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса бұрыс бөлшек деп аталады, ал егер бөлімі алымынан үлкен болса дұрыс бөлшек деп аталады.
Күн жүйесіндегі ғаламшарларды атап шық
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран,Нептун
Оң қолмен нені ұстай алмайсың?
оң қолыңды
Түзу, сәуле және кесіндінің бір-бірінен не айырмашылығы бар?
Түзу - екі жаққа шексіз созылатын геометриялық фигура.
Сәуле – бір нүктеден басталып, түзу бойымен шексіз созылатын сызық.
Кесінді - екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
Жаратылыстану пәніндегі қандай зерттеу құралдарын білесің?
Микроскоп, термометр,таразы, глобус,компас және т.б
Адам бір жерде отыр, егер ол тұрып кетсе де сен ол жерге отыра алмайсың. Ол адам қай жерде отыр?
Сол адамның алдында