1
2
3
4
5
100

Пайғамбарлардың қанша сипаты бар? нелер? 

5 сипаты бар олар:
1-Турашыл (сыддық) болуы;
2-Сенімді (аманат) болуы;
3-Дінді өз дәрежесінде халыққа тәблиғ ету;
4-Үлкен парасат иесі болуы;
5-Күнәдан пәк болуы

100

Ибраһимнің а.с әкесі:

әкесі Азар (ағаш ұстасы)

100

Юнусты жұтқан балықтың аты:

Айтылмаған

100

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп аталатын есімдері қандай? (мин 4)

Ахмет, Махмуд, Мұхаммед, Мұстафа.

100

Дәуіт пайғамбардың кітабы: 

Аллаһ Тағала оған самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді.
Забур - Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы.

200

Иса пайғамбар (а.с.) ___ жасында пайғамбар болып, ___ жасында көкке көтерілді.

30
33

200

Дәуіт пайғамбардың мұғжизасы:

Темірді жұмсарту. Сәбә 10-12
«Расында, Дәуітке (ғ.с.) өз жанымыздан ізгілік бердік: әй, таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар, дедік. Сонымен қоса, оған темірді жұмсарттық. (Дәуіттің (ғ.с.) мұғжизасы, ол тәсбих айтқанда таулар мен құстар ән қосып, қолында: қара темір жұмсарып, одан аспап жасайды)...

200

Мұса нәресте кезінде қай өзенге тасталды?

Ніл (Қасас 7)
«Бір нәрсе болады деп қорықсаң, оны еміз де дарияға тастап жібер. Қорықпа да күйінбе! Расын-да, оны саған қайтарамыз да пайғамбар қыламыз»

200

Лұт а.с пайғамбар кімге туыс?  

Ибраһим а.с

200

Сүлейменнің өлімін жындар қалай білді?

«Сүлейменнің өлгенін жындар оның таяғын құрт жеп сындырғанда ғана білді. (Сүлеймен өлсе де таяғына сүйеніп отыра берген, осыған алданып жындар Масжидаль—Ақсаны сала берген).
Егер олар ғайыпты болжай білсе, соншалық ауыр еңбекті атқара бермеген болар еді» (Сәба сүресі, 14-аят).

300

Бір күні перғауын түс көрді. Түсінде Құдыс жақтан лапылдап келген бір от мысырлықтарды өртеп күлге ай-налдырса да, Исрайыл халқына титтей де әсер етпейді. Ол түсінен шошып оянып, сәуегейлерін шақырып істің мәнісін сұрайды. Олар: «Жақында Исрайыл ұрпағынан бір ұл бала дүниеге келеді. Ол сенің патшалығыңды күл-талқан етеді», – деп жориды. Осы жерде қай пайғамбар туралы және Құдыс деп отқан жер қазір қалай аталады?

Мұса а.с
Иерусалим, Израиль

300

Иса пайғамбардың көкке көтерілген жері:

Құдыс

300

Адам жерге түскенде неше жыл Хауаға қосыла алмады?

100

300

Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға қашан хижра жасады?

632

300

Юнус пайғамбардың дұғасы:

لَا إِلَـٰهَ إِلَّا أَنتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
Иә, Аллаһ! Сенен басқа тәңір жоқ, Сен кемшіліктен пәксің! Шынында, мен өзіме зұлымдық етушілерден болдым"

400

Худайбия келісімінің жылы:

6 хижри
Яғни, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) пен оған ерген азғантай мұсылманның өз туған шаһарлары Меккеден қуылып, Мәдинаны пана тұтып жүргендеріне 6 жыл ғана болған уақыт. Құрайыштар қастасып, төңіректегі өзге араб тайпалары менсінбей, яхудилер бұлардың қашан қырғынға ұшырап жойылып кетуін күтіп жүрген; шайқасса, бір жеңіп, бір жеңіліп, үміті мен күдігі арпалысып, жалғыз Аллаға ғана тәуекел етіп, Алла елшісінен ғана сүйеніш тапқан қиын-қыстау сәт. Осындай бір аумалы-төкпелі мезгілде мұсылмандарға күтпеген жерден үлкен бір жеңіс келді. Соғыссыз, шығынсыз келді. Бір қызығы, оны басында көбі жеңіс деп ойлаған жоқ, жеңіліс деп, шегініс деп білді. Бұл – Ислам үшін жаңа бір кезеңнің бастамасы болған Худайбия келісімі еді.

400

Ибраһимнің отқа тасталған жері:

Ур қаласы Бабыл қазір Муғир
(Ирак)

400

Пайғамбарымыздың ең ұзақ шайқасы:

Хандақ (Медине қаласының айналасында мұсылмандар мен Меккеліктер және яһудилердің арасында болған соғыс) 627 жыл

400

Жақып Пайғамбардың немересі - Лауиден тарайды, Имранның ұлы - ....

Мұса а.с

400

Сенімдегі имамымыз кім?

Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди.(IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген мүжтаһид ғалым)

500

 Қай пайғамбарларға Алла Тағаладан парақ түскен? Олардың жалпы саны қанша?

1-Адам пайғамбарға 10 парақ;
2-Шит пайғамбарға 50 парақ;
3-Идрис пайғамбарға 30 парақ;
4-Ибраһим пайғамбарға 10 парақ;
Барлығы 100 парақ.

500

Хазіреті ________ өмір сүру мерзімі 950 жылға созылған.

Нух а.с
500

Шам мен Хижаз өлкесі арасында ғұмыр кешкен Самуд қауымына жіберілген.  қауымына насихат айтып, тура жолға бет бұруға шақырған?

 Хазіреті Салих  

500

Хазіреті Яхя пайғамбардың әкесі:

Хазіреті Зәкәрия

500

Ассирия патшалығының орталығы болған Нинова халқын хақ дінге шақырушы?

Хазіреті Юнус