<p> тегі не үшін қолданылады? Мысал келтір.
<p> — абзац (мәтін) жазу үшін қолданылады.
HTML код дегеніміз не, ол не үшін керек?
HTML код — веб-беттің құрылымын жасайтын мәтін.
Атрибут деген не? Қарапайым тілмен түсіндір.
Атрибут — тегке қосымша ақпарат береді
HTML құжатының ең негізгі 3 тегін ата.
<html>, <head>, <body>
Сілтеме жасау үшін қандай тег қолданылады?
<a> тегі
Жұп тег деген не? Жұп емес тегке 2 мысал айт.
Жұп тег — ашылу және жабылу тегі бар.
Жұп емес тегтер: <br>, <img>
Мына код браузерде қалай көрінеді?
<h2>Менің мектебім</h2>
<p>10-сынып</p>
Браузерде:
• «Менің мектебім» — тақырып
• «10-сынып» — абзац болып көрінеді
Мына кодтағы атрибутты ата:
<img src="image.jpg">
Атрибут — src
<head> бөлімі не үшін қажет?
<head> — бет туралы ақпарат (title, meta).
Нөмірленген және нөмірленбеген тізімнің айырмашылығы неде?
Бірі нөмірмен, бірі нүктемен (немесе белгімен) көрсетіледі.
<h1> мен <h6> тегтерінің айырмашылығы қандай?
<h1> — ең үлкен тақырып, <h6> — ең кішісі.
Кодта қате бар ма? Егер бар болса, тап:
<h1>Сабақ тақырыбы</h2>
Қате бар: <h1> жабылуы <h1> емес, <h2> деп қате жабылған.
src атрибуты болмаса, не болады?
src болмаса, сурет шықпайды.
< Мына құрылым дұрыс па? Неге?
<html>
<body></body>
<head></head>
</html>
Дұрыс емес, себебі <head> <body>-дан бұрын жазылуы керек.
Мына код не жасайды?
<ol>
<li>HTML</li>
<li>CSS</li>
</ol>
Нөмірленген тізім жасайды: HTML — 1, CSS — 2
Егер жабу тегі жазылмаса (</p>), не болуы мүмкін?
Жабу тегі болмаса, мәтін дұрыс шықпайды, құрылым бұзылады.
HTML кодты жазуға болатын 2 программа ата.
Мысалы: Notepad, VS Code, Sublime Text
Атрибут қай жерде жазылады: тегтің ішінде ме, сыртында ма?
Атрибут тегтің ішінде жазылады.
Егер <title> тегін өшірсек, браузерде не өзгереді?
Браузер вкладкасында атау шықпайды.
<li> тегі жеке өзі қолданыла ала ма? Неге?
Жоқ, <li> тек <ul> немесе <ol> ішінде болады.
Бір веб-бетте бірнеше <h1> қолдануға бола ма? Неге?
Болады, бірақ ұсынылмайды. Негізі бір <h1> болуы керек.
HTML код пен дайын веб-беттің айырмашылығы неде?
Код — ішкі құрылым, ал веб-бет — браузерде көрінетін нәтиже.
Бір тегте бірнеше атрибут бола ала ма? Мысал келтір.
Иә, болады. Мысалы:
<img src="a.jpg" alt="сурет">
<body> бөлімінде қандай ақпарат болады?
<body> — экранда көрінетін барлық ақпарат.
Қай жағдайда тізімді қолданған дұрыс?
Ақпаратты реттеп, түсінікті көрсету үшін.