Грозный қаласындағы мұражайдан ұрланған Боровиковскийдің портреті ........ портретті сату туралы жарияланған хабарландырудың арқасында табылды. Хабарландыру қайда жарияланды?
ғаламторда
«Тас» («Камень») бұл:
А) санау жүйесінің негізі;
В) процессор;
С) тінтуірдің манипуляторындағы шарик.
В) процессор
? Кбайт = 2048 байт
2 Кбайт = 2048 байт
Ларри Пейдж бен Сергей Брин жаңа іздеу жүйесінің атауын ойлап тапқан кезде, олар жүйе өңдеуге қабілетті ақпараттың үлкен көлемін білдіргісі келді. Олардың әріптесі «...» сөзін ұсынды. Бұл бірден кейін жүз нөлден тұратын санның, яғни 10100 санының математикалық атауы. Орфографиялық қате нәтижесінде әлемге әйгілі іздеу жүйесінің аты жасалды. Ол қандай іздеу жүйесі?
Жауап: google.
Себебі 10100 – Гугол деп аталады, осы сөздің қате жазылуынан шыққан
Бұл құрылғы ақпаратты өңдеу және бүкіл компьютердің жұмысын басқару үшін қолданылады.
процессор
Салмағы 2 грамм болатын бұл құрылғыны шығару үшін заманауи зауыттың шамамен бір ай жұмыс істеуі және 150 кВт·сағ электр энергиясы қажет. Және де 1,6 кг қазбалы отын, 72 грамм түрлі химиялық заттар, 32 литр су жұмсау керек. Бұл қандай құрылғы?
Микропроцессор
«Апгрейдтеу» («Апгрейдить») дегеніміз:
А) жүйелі блоктың үстіне грейпфрут қою
В) бағдарламаны жетілдіру;
С) компьютерді жаңарту;
С) компьютерді жаңарту
20 бит=? байт
20 бит = 2,5 байт
Бұл компанияның ең алғашқы логотипінде алма ағашының астында отырған Исаак Ньютон бейнеленген - Исаактың бүкіләлемдік тартылыс күшін ашқаны туралы аңыздың қарапайым сюжеті. Бұл қандай компания туралы айтылып отыр?
Ал қазір бұл компанияның логотипі қандай?
APPLE, логотипі тістелген алма
Бұл енгізу құрылғысы ноутбуктерде меңзегіш құрылғының (тінтуірдің) орнына пайдаланылады.
сенсорлық тақта немесе Touchрad
Токио университетінде ғалымдар суперкомпьютер үшін бағдарлама әзірлеуге 5 жыл жұмсаған. Оны пайдалана отырып, 400 сағатта ондық бөлшек түріндегі сол санның үтірден кейінгі бір жарым триллионға жуық цифрын есептеді. Олар қандай санды есептеген?
π=3,1419926535...
«Рама» бұл:
А) компьютердің аналық платасы;
В) жүйелі блоктың корпусы;
С) жедел жады құрылғысы
С) жедел жады құрылғысы
«Бит» сөзі кандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?
ағылшын тіліндегі Віnагу digit
Бұл программа атауын сөзбе-сөз аударғанда «Римді жағып жатқан Нерон» дегенді білдіретін және Римдегі Ұлы өртке әкелген, өрт қоюға себепкер болған Рим императоры Неронды еске түсіретін сөз тіркесі. Бұл программа қалай аталады?
Nero Burning ROМ
Компьютердің жалпы ішкі құрылымы және олардың өзара байланысы қалай аталады?
архитектура
Әйгілі американдық компанияның кеңінен қолданылатын пакетіндегі компьютерлік программалардың атаулары ағылшын тілінен қазақ тіліне былайша аударылады: Сөз, Ерекшелену, Қуатты нүкте, Қолжеткізу.
Бұл қандай программалар?
Бұл Microsoft компаниясының Office жиынтығындағы программа атаулары:
Word, Excel, PowerPoint, Access
«Винт» дегеніміз:
А) процессорды салқындату желдеткіші;
В) монитордың жарықтығын бақылау;
С) қатты магнитті диск.
С) қатты магнитті диск
1 Гигабайт 1 Мегабайтан неше есе артық?
1024 есе
Бұл сөз- Х ғасырда Данияда өмір сүрген викингтердің патшасы І Харальдқа (лақап аты-Көктіс) тиесілі. Ол осы технология құрастырылған қазіргі Дания мен Норвегия халықтарын біріктірді. Қандай технология туралы айтылып отыр?
Bluetooth
Ол компьютердің орталық процессорымен (CPU) ақпаратты тезірек өңдеу үшін жиі қолданылатын нұсқаулар мен деректерді уақытша сақтайтын орын, қосымша жады жүйесі.
Кэш-жады
Әлемдегі қай мемлекетте ұялы байланыс жоқ?
Ұялы байланыс жоқ жердің бірі- Кифука (Конго Демократиялық Республикасы). Әлемдегі ең қауіпті жер, себебі статистика бойынша жылына 1км2 жеріне 158 найзағай соққысы түседі екен. Осыдан келіп, кез-келген электр қондырғысын қолдану өз-өзіне қол жұмсаумен тең болып саналады.
«Джампер» бұл:
А) программалаушының жемпірі(күртешесі);
В) екі позициялы қосқыш;
С) компьютерді қосу/өшіру түймесі.
В) екі позициялы қосқыш
Ақпарат көлемін байттан МБайтқа қалай түрлендіруге болады?
1024-ке екі рет көбейту
Алғашқы веб-камера 1991 жылы іске қосылды және Кембридж университетіндегі Троян бөлмесінде осы заттың алдына орнатылды. Веб-камера ғимараттың басқа шетінде жұмыс істейтін адамдар үшін жасалған. Камера пайдаланушылардың жұмыс үстеліне ақ-қара түсті 128x128 пиксель кескінді берді, одан осы затты көруге болады. Камерадан көру арқылы адамдар осы залдың басқа шетіне өзіне қажет сусын үшін тектен тек бармауы үшін жасалған. Аталмыш алғашқы Веб-камера қандай затқа орнатылған?
Кофеқайнатқышта
Бұл дәстүрлі қатты дискілерге (HDD) қарағанда жылдамырақ және сенімдірек. Олар қатты дискілерге қарағанда қуатты аз пайдаланады, аз жылу шығарады және сақталған деректерге жылдамырақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.
SSD - Solid-state drive диск