Мазмұны
Қазақстандық норматив
Халықаралық норматив
Жетелеу тәртібі
Әдіснама/принцип
100

Психологиялық-педагогикалық жетелеудің негізгі мақсаты қандай?

ЕББҚ бар баланың білім алуына, дамуына және әлеуметтенуіне қажетті жағдай жасау.

100

ЕББҚ-ны бағалау қағидаларын реттейтін негізгі бұйрық қайсы?

ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығы.

100

Инклюзивті білім берудің халықаралық деңгейдегі негізгі қағидаттарын бекіткен маңызды құжаттардың бірін атаңыз.

Саламанка декларациясы (1994).

100

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі мақсаты қандай?

Баланың оқуына, дамуына және әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау.

100

ЕББҚ бар балалармен жұмыс кезінде қандай оқыту әдістерін қолдануға болады?

Саралап оқыту, жеке оқыту, көрнекілік, практикалық әдіс, ойын әдісі, қайталау және алгоритм бойынша оқыту.

200

ЕББҚ бар балаға көрсетілетін қолдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.

Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық және арнайы педагогикалық қолдау.

200

№92 бұйрық қандай мәселеге қатысты?

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларына қатысты.

200

Саламанка декларациясының инклюзивті білім берудегі негізгі идеясы қандай?

Барлық балалардың, олардың жеке ерекшеліктеріне қарамастан, мүмкіндігінше бірге білім алуын қамтамасыз ету.

200

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіне қандай мамандар қатысады?

Педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, педагог-ассистент және басқа қажетті мамандар.

200

ЕББҚ бар балаға тапсырманы бейімдеу кезінде қандай принциптер сақталады?

Қолжетімділік, жүйелілік, бірізділік, жеке ерекшеліктерді ескеру, көрнекілік және баланың мүмкіндігіне сәйкес талап қою.

300

ЕББҚ-ны бағалаудың негізгі мақсаты қандай?

Баланың білім алуындағы қиындықтарын анықтап, оған қажетті арнайы жағдайларды белгілеу.

300

№4 бұйрық бойынша ЕББҚ-ны бағалаудың мақсаты қандай?

Білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және оған қажетті арнайы жағдайларды белгілеу.

300

БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясында білім алу құқығы қай бапта қарастырылған?

24-бапта.

300

ЕББҚ бар білім алушының оқу ортасын таңдауда қандай негізгі құжат ескеріледі?

ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары және білім алушының анықталған ерекше білім беру қажеттіліктері.

300

Л.С. Выготскийдің баланың өз бетінше орындай алатын әрекеті мен ересек көмегі арқылы орындайтын әрекеті арасындағы аралықты сипаттайтын ұғымы қандай?

Жақын арадағы даму аймағы

400

Психологиялық-педагогикалық жетелеу барысында білім алушының оқу жетістіктерін бақылау қалай аталады?  

Оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу.

400

№92, №4 және №532 бұйрықтарының өзара байланысы неде?

№4 – ЕББҚ-ны бағалау мен қажеттілікті анықтауға, №92 – психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыруға, №532 – арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыруға қатысты.

400

БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы қай жылы қабылданды?

2006 жылы

400

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі жұмыс бағыттарын атаңыз.

ЕББҚ-ны анықтау және бағалау, білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, педагогтер мен ата-аналарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, арнайы жағдайлар жасау және қолдау нәтижелерін мониторингілеу.

400

Баланың психикалық дамуын іс-әрекет арқылы түсіндіретін теориялық бағыт қалай аталады?

Іс-әрекет теориясы

500

ЕББҚ бар білім алушыға арналған қысқартылған бейімделген оқу жоспары қандай мерзімге құрылады?

1 тоқсанға.

500

№130 бұйрық талаптарына сәйкес, ЕББҚ бар білім алушымен жұмыс істейтін педагог оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және жүргізу барысында қандай кәсіби-құжаттамалық әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс?  

Оқу-тәрбие процесін жоспарлау, білім алушының жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру, оқу жетістіктерін бағалау және есепке алу, қажетті педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, белгіленген педагогикалық құжаттаманы жүргізу.  

500

Баршаға білім беру жөніндегі Джомтьен дүниежүзілік декларациясы қай жылы қабылданды?

1990 жылы, Тайландтың Джомтьен қаласында.

500

Қолдау көрсету алгоритмін дұрыс ретпен атаңыз.

Қиындықты анықтау → бағалау → қажеттілікті анықтау → арнайы жағдай жасау → қолдау → мониторинг → нәтижені бағалау.

500

А.Р. Лурияның нейропсихологиялық тәсілі ЕББҚ бар баланы зерттеуде ең алдымен нені анықтауға мүмкіндік береді?

психикалық функциялардың жүзеге асуына қатысатын ми құрылымдарын