Тәуелсіз Қазақстан республикасының алғашқы астанасы қай қала?
А) Қызылорда
Ә) Ақмола
Б) Алматы
В) Ақмешіт
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы - Алматы қаласы. 1991 жылы мемлекет тәуелсіздік алған сәттен бастап, 1997 жылдың желтоқсанына дейін еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы, ресми астанасы Алматы болды.

Бұл спортшының есімі кім?
А) Майк Тайсон
Ә) Мұхаммед Әли
Б) Геннадий Головкин
В) Еркебұлан Тоқтар
Мұхаммед Әли (шын аты Кассиус Марсселус Клэй) - ауыр салмақтағы американдық кәсіби боксшы, қоғам қайраткері және спорт тарихындағы ең ұлы боксшылардың бірі. 1960-70 жылдары ол АҚШ-тағы қара нәсілділердің құқықтарын қорғау қозғалысына белсенді қатысты. Ол өзінің туған атын "құлдың аты" деп санап, Мұхаммед Әли деп өзгертті және Ислам дінін қабылдады. Спорттағы және қоғамдық қызметіндегі ерліктері Әлиді бүкіл әлемге танымал мәдени және спорт иконасына айналдырды.
🏰🦁⚡️
Стикерлер қандай киноны сипаттап тұр?
А) Нарния хроникалары
Ә) Таңғажайып жаратылыстар
Б) Гарри Поттер
В) Арыстан патша
🦁 Арыстан - Гриффиндор факультетінің символы. Бұл Гарри Поттер мен достарының оқитын факультеті.
🏰 Қамал - бұл смайлик Хогвартс қамалын бейнелейді. Хогвартс – сиқыршылар мектебі, білім мен қорғаныс орны, сондай‑ақ көптеген шытырман оқиғалардың орталығы.
⚡ Найзағай - бұл смайлик Гарридің бетіндегі танымал тыртықты білдіреді.
Жауап: Гарри Поттер
Атауы "Азиядан шыққан" деген мағынаны білдіретін көлік маркасы
А) КІА
Ә) Lexus
Б) Mitsubishi
В) BMW
КІА - Оңтүстік Кореяның ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі. Марканың атауы 2 иероглифтен құралған. КІ - шығу, көтерілу деген мағынаны берсе, А - Азия дегенді білдіреді.
Адам қазанға бірінші не салады?
Көз салады
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданған жыл:
А) 1992, 2 наурыз
Ә) 1945, 24 қазан
Б) 2001, 15 маусым
В) 2017-2018
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды.
Суреттегі Олимпиада ойындарының эмблемасы нені білдіреді?
А) Футбол,баскетбол,волейбол,хоккей,бокс спорттарын бейнелейді
Ә) Бес медаль түрін білдіреді
Б) Еуропа, Азия, Америка, Африка, Аустралия құрлықтарының бірлігін білдіреді
В) Олимпиада ойындары өткізілген Париж, Лондон, Токио, Берлин, Мәскеу қалаларын бейнелейді
Олимпизммен біріктірілген бес континентті
Олимпиада ойындарының эмблемасы 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша бекітілген. Ол бес сақинадан тұрады: көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Бұл сақиналар Олимпизммен біріктірілген бес континентті білдіреді: Африка (қара), Америка (қызыл), Азия (сары), Еуропа (көк) және Аустралия (жасыл).
Бұл кадр қай фильмнен алынған?
А) Кальмар ойыны (Squid game)
Ә) Пусанға аттанған пойыз (Train to Busan)
Б) Сеул вокзалы (Seoul Station)
В) Жұмбақ үй (Sweet Home)
Бұл кадр "Пусанға аттанған пойыз" фильмінен алынған. Кадрда фильмнің бас қаһармандары Сок-Ву мен Су-Ан анық көрінген. Кадр фильмнің бастапқы минуттарынан қиып алынған. Яғни, сюжет бойынша Су-Анның әкесі Сок-Ву қызына жақында Пусандағы анасына баратындарын айтып жатқан сәті.
"Джамайс вю" деген не?
А) сөзді көп қайталағаннан мағынасының жоғалуы
Ә) әңгімелесіп отырған адамның қимылын қайталау
Б) бір әннің қайта-қайта тілге орала беруі
В) бір сәттің қайталанып жатқандай немесе бұрын түсіңде көргендей сезілуі
Джамайс вю (jamais vu) - француз тілінен аударғанда ешқашан көрмедім дегенді білдіреді. Бұл дежавю, яғни таныс емес заттың таныс болып көрінуіне қарама-қарсы сезім. Мысалы, адамдар сөзді көп қайталағаннан ми шаршап жаттанды сөздерді жаңа сөз ретінде қабылдауы мүмкін. Сондықтан А жауабы дұрыс.
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалады?
12. Тордан шыға алмайды
Қазақстан Республикасының аумағы қанша шақырымды құрайды?
А) 2,400 000 шаршы шақырым
Ә) 13 200 шаршы шақырым
Б) 3 000 000 шаршы шақырым
В) 2,700 000 шаршы шақырым
Қазақстан Республикасы жер аумағы бойынша әлемде 9-орын алады, шекарасының ұзындығы 13 200 шақырым, ал ауданы 2,7 млн шаршы шақырымды құрайды.
Баскетболдың отаны қай ел?
А) Бразилия
Ә) Англия
Б) Грекия
В) Америка
Баскетболдың отаны - Америка Құрама Штаттары. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған. Канададан келген жас мұғалім Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы: basket - себет, boll - доп деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
Бұл фильм 2019 жылы күзде жарыққа шықты. Басты рөлдерде Гассан Массуд, Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Асылхан Төлепов секілді актерлер ойнаған. Режиссері Ақан Сатаев. Фильмнің жанры тарихи боевик, драма. Фильмнің картинасы Франциялық L'Étrange Festival кинофестивальінде Гран-приді жеңіп алған. Қазақ киноиндустриясындағы ең сәтті туынды деп бағаланған фильм.
Бұл қай фильм туралы?
А) Томирис
Ә) Көшпенділер
Б) Қазақ хандығы: Алмас қылыш
В) Жаужүрек мың бала
![]()
Аллотриофагия деген не?
А) қоқыс жинау әдеті
Ә) жеуге жарамсыз нәрсеге құмарлық
Б) шаштың тез ағаруы
В) көп өтірік айту әдеті
Аллотриофагия (гр. allotrios - бөтен, гр. phagein - жейді) — науқас жеуге жарамайтын бөгде заттарды жеуге құмартуы. Бұл жиі психикалық бұзылуы бар науқастарда байқалады. Мысалы, кесек, бор, көмір секілді заттарға құмарлық та аллотроифагия белгісі.
Суреттегі кітаптың аты мен авторын тап.
Дулат Исабеков, "Тыныштық күзетшісі"
Суда туады, суда өледі, бірақ өзі су емес.
тұз