Spiral
Spiral
Direchle
Direchle
100

1.Футбол ойынына 11 команда қатысып, бір-бірімен бір ойыннан өткізді. Барлығы неше ойын болғанын анықтаңыз.

55

100

Шахмат ойынына 10 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнады?

45

100

2.Қорапта 6 сары және 4 қара түсті шар араласып жатыр. Қораптан қарамай алғанда екі түстен де кемінде 1 шар шығу үшін қанша шар алу қажет? 

7

100

5.Қорапта 19 қызыл, жасыл, сары түсті шарлар бар. (7 қызыл, 8 жасыл, 4 сары) Барлық түстегі шарларды алу үшін ең кемінде қораптан неше шар алу қажет?

16

200

6.2019 жылғы волейболдан әлем чемпионатында А тобында 5 құрама болды. Бұл 5 құрама әрқайсысы бір-бірімен 2 ойыннан ойнап шықты. А тобында барлығы қанша ойын болды?

20

200

16.Сыныптағы 15 оқушы әрқайсысы бір-біріне ойыншық сыйлады. Сыйланған ойыншықтар саны?

210

200

25.Жәшікте 15 қызыл және 15 ақ кубиктер бар. Жәшікке қарамай алғанда бір түстен үш кубик шығу үшін кемінде қанша кубик алу қажет?

5

200

26.Сейфте 20 доллар купюрасы, 10 евро купюрасы, 15 франк купюрасы бар. Міндетті түрде франк шығу үшін, сейфтен қарамай ең кем дегенде неше купюра алу керек?

31

300

8.Жаңа жыл мерекесіне орай отбасы мүшелері әрқайсысы бір-біріне 2 сыйлықтан сыйлады. Отбасыда 7 мүше бар. Барлығы қанша сыйлық сыйланды?

84

300

19.Жәнібек және оның 4 інісі әрқайсысы бір-біріне 4 қаламнан сыйлады. Барлығы қанша қалам сыйланды?

80

300

21.Карточкаларға барлық екі таңбалы сандар жазылған. Карточкаларға қарамай алғанда 4-ке немесе 5-ке бөлінетін карточка шығу үшін кемінде қанша карточка алу қажет? 

55

300

14.Рамазан ойын ойнау барысында 7 есікке кездесті және оларға дәл келетін 7 кілт тауып алды. Барлық есіктерді ашып шығу үшін қанша сынау жүргізу қажет?

7+6+5+4+3+2+1=28

400

24.Достар бір-бірімен қоштасу кезінде бір-біріне барлығы 12 визитка берді. Неше дос бір-бірімен қоштасты?

4

400

18.12 бизнесмен бір-бірімен визитка алмасты. Барлығы қанша визитка болды?


132

400

10.Қорапта қараңғы бөлмеде 8 сары және 9 жасыл қарындаш жатыр. Қорапка қарамай алғанда кемінде 4 сары және кемінде 3 жасыл қарындаш шығу үшін қанша қарындаш алу керек?

13

400

23.Жәшікте түстері әртүрлі 80 шар жатыр: 25 ақ, 18 қызыл, 22 күлгін, қалғандары - сары. Жәшікке қарамай неше шар алғанда кемінде бір түстен 10 шар шығады?

37

500

27.Лиана өзінің достарымен үш реттен қол алмасып шықты. Нәтижесінде барлығы 135 қол алмасу болды. Лиананың неше досы болғаны?

10

500

12.Сыныптағы оқушылар бір-бірімен сыйлық алмасқаннан соң, барлығы 240 сыйлық бар екені белгілі болды. Сыныпта неше оқушы бар? 

16

500

29.Менің төрт жұп шұлығым бір пішінді: екі жұп – сары, ал екі – қызыл, қараңғы бөлмеде сөреде жатты. Өзімді қандай түс болмасын, шұлық жұбымен қамтамасыз ету үшін, шұлықтардың ең кемінде қаншасын жорамалдап алуым керек? (сол мен оң шұлық әртүрлі) 

5

500

30.Жәшікте 30 қызыл, 22 жасыл, 14 сары, 21 көк, 11 ақ және 10 қара кішкентай шарлар бар. Шығарып алынған шарлардың ішінде міндетті түрде ең кемінде бірдей түсті 15 шар алу үшін, жәшікке қарамай, қанша шар шығарып алу керек? 

78