Әйел кісіге намаз оқу үшін қандай киім шарттары сақталуы тиіс?
беті мен алақанынан басқа бүкіл денесі жабық болуы тиіс.
Жүрегінде ___ ___ ___ болған адам жәннатқа кіре алмайды.
Жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болған адам жәннатқа кіре алмайды.
Құран алғаш рет қай жерде түсірілді?
Меккеде, Хира үңгірінде түсірілді.
Ең көп мұсылманды Исламға шақырып, көптеген сахабалардың иманға келуіне себеп болған сахаба кім?
Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.).
Пайғамбарымыз(с.а.с) дүниеге келген жыл қалай аталады?
«Піл жылы» деп аталған.
Намаздың ішкі парыздары?
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
Шынайы сабыр -
соққының алғашқы тиген сәтіндегі сабыр.
Аятуль-Курси дұғасы қай сүреден?
Құранның Бақара сүресінде, яғни 255-аятында.
Омар(р.а) ислам дінін қабылдауына себеп болып, жүрегіне нұр сыйлаған қай сүре?
“Таһа” сүресі
Біздің Пайғамбарымыз(с.а.с) қай рудан шыққан?
Бану Хашим (Хашим әулеті) Құрайыш тайпасынан.
Нәпіл намазының мәкрүһ уақыттары:
(3еу айтылса саналады)
«Араларыңнан әлдекім қандай да бір жаман қылық көрсе, оны ___ ___. Егер оған шамасы келмесе, ___ ___. ____ де дұрыстай алмаса, ____ түзетуге тырыссын. Бұл – иманның ең әлсізі»
«Араларыңнан әлдекім қандай да бір жаман қылық көрсе, оны қолымен түзетсін. Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзетсін. Тілімен де дұрыстай алмаса, жүрегімен түзетуге тырыссын (яғни, іштей айыптасын). Бұл – иманның ең әлсізі»
Бірге (жамағатпен) оқылған намаз жеке оқылған намаздан ___ есе артық.
Бірге (жамағатпен) оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті (27) есе артық.
Меккеде қатігез адамның құлдығында болып, ақиқат дінін қабылдаған кезде қожайыны оны ең ауыр азаптарға салды: ыстық құмға жатқызып, үстіне алып тастар қойды, күннің астында қинады. Бірақ Ол дінінен қайтпай, тек бір сөзді қайталай берді:
«Ахад, Ахад!» – «Алла – Бір, Алла – Бір!
Жоғарыда қай сахаба туралы айтылған?
Биләл ибн Рабах (р.а.) - Ислам тарихында ең бірінші азан шақырған мұсылман.
Мұсылмандардың алғашқы шайқасы(джихад) қалай аталды?
Бадр шайқасы
Ғұсылдың парыздары:
1. Ауызды сумен шаю.
2. Мұрынға (кеңсірікке дейін) су тарту.
3. Тұтастай тұла бойын сумен жуу.
Араларыңнан ешқайсысың өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше ___ ___ ___ болып саналмайды.
Араларыңнан ешқайсысың өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше толық иман еткен болып саналмайды. (Бухари,Муслим)
Әлбетте, сен үшін әркез әр істің ___ ___ әлдеқайда қайырлы.
Әлбетте, сен үшін әркез әр істің ақыры басынан әлдеқайда қайырлы.
“___ сияқты адам Исламнан қалайша нәсіпсіз қалады? Бойындағы күш-жігерін мұсылмандардың игілігіне жұмсаса, өзіне де абзал болар еді” деп Пайғамбарымыз қай сахабаның исламға келуін ерекше күткен?
Халид ибн Уәлид(р.а)
Пайғамбарымыздың ең дұшпандарының бірі — жалған пайғамбар Мусайлама Кәззабты өлтірген кім?
Вахши ибн Харб (р.а.)
Мүпсит - дегеніміз не
– басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Мүпситтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.
Мұсылманның діндегі ___ белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы
Мұсылманның діндегі кемелдігінің белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы.
Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Төрт нәрсе қайтып келмейді деген:
Ол Пайғамбарды көрмей-ақ, жүрегімен иман келтірді. Бірақ оның қасында көзі көрмейтін қарт анасы бар еді. Жігіттің жүрегі Пайғамбарды көруге құштар еді, бірақ анасының қасында қалу – оның ең үлкен борышы екенін сезді.
Жылдар өтті... Жігіттің иманы күшейе берді, ол күндіз-түні дұғада болды, ықыласы сондай тіпті дұғасы қабыл болатын ерекше мәртебеге жетті. Бір күні пайғамбардың сахабаларына Алланың Елшісі:
– «Сендерге алыстан бір құл келеді. Ол мені көрмесе де, иман келтірген. Ол анасын бағып отыр. Оның дұғасы қабыл болады. Егер оны көрсеңдер, өздерің үшін Алладан кешірім сұрауын өтініңдер», – деп сүйіншілеген еді. Пайғамбарымызды көруге үлгермей, жылдар өте Мәдинаға жетті. Бірақ ол кезде Пайғамбарымыз қайтыс болып кеткен еді...
Увайс әл-Қарани (р.а.) – Пайғамбарды көрмей-ақ шын жүректен иман еткен «табиғиндердің ең абзалы» болды.н
Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.с) бен Хадиша анамыздың (р.а.) қанша баласы болған және олардың әрқайсысының есімдері кім?
алты баласы болған: Абдулла, Қасым, Зейнеп, Руқайя, Умм Кульсум және Фатима.