Әбраханың Меккеге шабуылдағандағы пілдің аты?
Махмұд
Уахи алып бастаған үңгірдің атауы?
Хира
Бір кездері Пайғамбарымыздың шашы ағарып кетеді. Сол кезде Пайғамбарымыз қай сүрені айтты?
Һуд сүресі
"______ басқаның барлығы Исламға шақырғанда біраз уақыт тартынып, күмəнданып, екі ойлы жағдай кешті. Ал ______ ұсынысты ести салысымен еш ойланбастан қабылдады" деп кімді меңзеді?
Әбу Бәкір(р.а)
Нифақ дегеніміз не?
Иман етпесе де иман еткендей көріну, ақидасы мен ой пікірінде жоққа шығарушы бола тұра басқаша әрекет ету, мүддесіне сай екіжүзді ұстаным көрсету.
Ухуд соғысында қанша сахаба шейіт болды?
70 (кейбір деректерде 69 немесе 72)
Пайғамбарымыздың ұл-қыздарының аттары?
Ұлдары:
Қасым
Абдулла
Ибраһим
Қыздары:
Зейнеп
Рұқия
Умм Гүлсім
Фатима
Омардың(р.а) иманға келуіне қай сүре әсер етті?
Та-һа сүресі
_____ - өте ұялшақ. Періштелердің ұялып, қысылған адамынан мен қалайша қысылмайын?
Пайғамбарымыз кімді меңзеді?
Осман ибн Аффан(р.а)
Қай сүреде «Рахманның хас құлдары жер бетінде кішіпейілділік танытып, байыпты түрде жүретін жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда: «Аман болыңдар!» – деп, өз жөндеріне кете барады» деп Рахманның таңдаулы құлдары сипатталды?
Фурқан сүресі
Әбу Жәһилдің шын аты кім?
Амр ибн Хишам
Шаққы Садр деген қандай оқиға?
Пайғамбарымыздың бала кезінде кеудесінің ашылуы
Кәһф сүресіндегі үңгірдегі адамдарды күзеткен иттің аты?
Қытмир
бір күні Мәдина ның көшелерінде ел көшкендей дауыстар естілді. Мүминдердің анасы Айша (р.а.): “Бұл не?”, – деп сұрайды. “____ керуені ғой”
Кім туралы?
Абдуррахман ибн Ауф(р.а)
Меккеде әділетсіздікте, зұлымдықтарға қарсы құрылған ұйымның аты
ХИЛФУЛ-ФУДУЛ
Арштың астындағы 7 топты ата?
Әділ басшы
Аллаға құлшылықпен өскен жас
Жүрегі мешітке байланған адам
Алла үшін бір-бірін жақсы көрген екі адам
Сұлулығы мен дәрежесі жоғары әйел шақырғанда: «Мен Алладан қорқамын» деген ер кісі
Жасырын садақа берген адам (оң қолы бергенді сол қолы білмейтіндей)
Жалғыз қалып Алланы еске алып, көзі жасқа толған адам
Фатима анамыз өзіне қызметші сұрағанда Пайғамбарымыз оған одан да қайырлы деп не үйретті?
33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхәмдулиллаһ, 33 рет Аллаһу Әкбәр
Құрандағы аяттар саны?
6236 аят бар
"____ қандай жақсы адам! Егер түнде намаз оқыса, тіпті де жақсы болар еді" - бұл қай сахаба туралы?
Абдулла ибн Омар(р.а)
Пайғамбарымыз ﷺ айтқан:
«Жеті құртып жіберетін үлкен күнәдан сақтаныңдар…»
олар қайсылар: ?
1. Аллаға серік қосу
2. Сиқыр жасау
3. Жазықсыз адам өлтіру
4. Өсім жеу(риба)
5. Жетімнің малын жеу
6. Майдан алаңын тастап қашу
7. Арлы әйелге жала жабу
Рабыта маут деген не?
Өлімді еске алу
Пайғамбарымыздың анасының көмекшісінің аты кім?
Үммі Әйман
Қай сүренің мағынасы "құмырсқа" болады?
Нәмл сүресі
Алла жолында алғаш қан төккен сахаба кім?
Сағд ибн Уаққас(р.а)
Сәлдесіне өмір бойы Пайғамбарымыздың(с.а.с) бір тал сақалын сақтап жүрген сахаба кім?
Халид ибн Уәлид (р.а.)